Спорт • 18 Қараша, 2019
Күрес: Білікті бапкер Бақтай Қапсаламовты еске алды
Талдықорғанда грек-рим күресінен КСРО спорт шебері, білікті бапкер Бақтай Қапсаламовты еске түсіруге арналған республикалық турнир аяқталды.
Тағайындау • 18 Қараша, 2019
Премьер-Министрдің Кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды
Қазақстанның Премьер-Министрінің өкімімен Олжас Мұхтарұлы Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Спорт • 18 Қараша, 2019
Әйелдер күресінен әлем кубогының иегері анықталды
Жапонияның Нарита қаласында әйелдер күресінен әлем кубогы жолындағы жарыс өз мәресіне жетті.
Қоғам • 18 Қараша, 2019
Биыл балалары бар отбасыларға 162 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 18 Қараша, 2019
Теннис: Бүгін Дэвис кубогы басталады
Бүгін Испанияның бас шаһары – Мадридте теннистен Дэвис кубогы жолындағы жарыс басталады. 24 қарашаға дейін созылатын айтулы жарыста әлемнің ең үздік 18 командасы бақ сынайды.