Руханият • 19 Қараша, 2023
«Авгийдің ат қорасына» қайта оралсақ...
Құрамындағы үш сөз үш жаққа тартқан «Әдеби тілдің нормасы» деген тіркес бар. Кеңес заманында шығармашылық адамының еркіндігін шектеуде жүйенің ойлап таппағаны қалмапты. Өз қолымызбен көсеу көсетіп қойып, қызықтап қарап отырыпты. Дүрмекке ілесіп, «әдеби тілдің нормасының» сойылын біз де соққан екенбіз. Енді бүгін әлеуметтік желіге бірдеңе жаза қояйық десек, бір жерден қатеміз шығып қалатындай қорқасоқтаймыз.
Таным • 19 Қараша, 2023
Бұлдырық көзден бұлбұл ұшып барады
Тілтану ғалымдарының зерттеуінше, жапон лексикологиясының түп-төркіні күріш дәнінде деседі. Ал қазақ халқының сөздік қоры жылқы мен құсқа байланысты екен. Мысалы, «қасқалдақтың қанындай», «құрқылтайдың ұясындай», «ұлардай/ұзақтай шулау», «тұрымтай тұсында», «қызғыштай қорғау», «бұлдырықтай зымырау» деген секілді теңеулер мен тұрақты тіркестерді қолданғанымызбен, оның қандай құстар екенін біле бермейміз. Бұл ретте айтқымыз келгені – бүгінде көзден бұлбұл ұшып бара жатқан бұлдырық құс жөнінде болып отыр.
Спорт • 19 Қараша, 2023
Чемпиондар бақ сынаған спартакиада
Жексенбі күні Астанада бокстан ересектер арасында VI жазғы спартакиада аяқталды. Жеті күнге созылған додада кіл мықтылар чемпион атанып, келер жылы Италияда өтетін Олимпиада жолдамасы үйлестіретін турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды. 4 жылда бір ұйымдастырылатын айтулы бәсекеде 13 салмақта 176 спортшы жүлдеге таласты. Бір қызығы, екі финалдық жекпе-жекте әлем чемпиондары жұдырықтасты. 51 кг салмақта Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай арасындағы жекпе-жекте С.Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал 80 кг салмақтағы Нұрбек Оралбай мен Бекзат Нұрдәулетов арасындағы айқаста Н.Оралбай өз шеберлігін дәлелдеді.
Футбол • 19 Қараша, 2023
Биыл Қазақстан Премьер-лигасын 4- орынмен қорытындылаған Алматының «Қайраты» келесі жылы қалай да чемпиондық атақты иеленуді көздейді.
Хоккей • 19 Қараша, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» өткен аптаның екінші жартысында екі кездесу өткізіп, екі ретінде де жеңіліс тапты.