Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Ұлттық үлгі – рухани жаңғыру кепілі
Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан енді ғана асқан кезеңінде-ақ елдің саяси-экономикалық ахуалын жоғары деңгейде орнықтыра білген Қазақ елі рухани жаңғыру жолында да игілікті жұмыстар атқара білді.
Қазақ елінің ұлы мұраты жолындағы ұлттық-рухани құндылықтарды айқындап, көсемдікпен жіктеп көрсеткен замана қайраткері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық байыптамасында: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану – көргенділікті көрсетеді» деп айтылған.
Жемқорлықпен күресте озық тәсілдерді орнықтырсақ
Бұл өмірде не жаман? Бұл сұраққа талай адам бас қатырып, тура жауабын көп іздеген. Сөйтіп ол жауаптардың бәрін қорытындылай келгенде, ақыры бұл өмірдегі ең жаман нәрсе біреудің нәпақасын жеу екендігі айқындалыпты. Неге десеңіз, біреудің нәпақасын жеу адам етіне ауыз салғаннан да жаман көрінеді. Ал біздің елімізде өзгелердің нәпақасын, несібесін сыбайласып жеп жатқандар қаншама.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Елімізде тамақ өнімдерінің тазалығына талап күшейеді
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 14 Қараша, 2017
Келесі жылы өңіраралық ынтымақтастық форум Қызылжарда өтеді
Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен Челябі қаласында өткен ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумында тараптар мемлекеттік деңгейдегі келесі басқосуды 2018 жылы Петропавл қаласында өткізуге уағдаласты. Ол «Қазақстан мен Ресейдегі туризмді дамытудағы жаңа көзқарастар мен тенденциялар» тақырыбында болмақ. Маңызды жиынға Солтүстік Қазақстан облысының делегациясын бастап барған аймақ басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында өңіраралық және шекаралас байланыстар бағытында атқарылып жатқан қарымды қадамдар жайлы әңгімелеп берді.