Әлем • 18 Қараша, 2019
Боливия президенті Эво Моралес елдегі тоқтаусыз көтеріліс нәтижесінде қызметінен кетіп, Мексикада бой тасалап жүр. Ал билік Сенаттағы оппозициялық топтың қолына өтті. Эво Моралес бұл жағдайды төңкеріспен теңестіріп отыр.
100 • 18 Қараша, 2019
Сауытбек АБДРАХМАНОВ: Азамат еткен «Егемен», ардақтамайын неге мен?
Бас басылымның ғасырлық тойы да келіп жетті. Газетке арғы-бергіде басшылық еткен қаламгерлерді, қайраткерлерді, редакция ардагерлерін құрмет тұтатын, еңбегін айшықтап айтатын жақсы дәстүрімізбен олар жайында жүйелі жазып та, естелік мақалаларын, сұхбаттарын жариялап та жүрміз. Той қарсаңындағы құрметті сөз кезегі бас газетті ең ұзақ басқарған тұлға – Парламент Мәжілісінің депутаты, көрнекті публицист, әдебиеттанушы Сауытбек АБДРАХМАНОВҚА беріліп отыр.
Экология • 18 Қараша, 2019
Мысықтабандап мия жұлғандар көбейді
Мия өсімдігінің Қазақстанда 5 түрі кездеседі. Атап айтқанда, есек мия, ақ мия, жалаң мия, қызыл мия, миятамыр. Қызыл мия және миятамыр түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик, қышқылдар, минерал тұздары бар. Қызыл мия тамыры косметологияда тері дақтарын кетіру үшін, сонымен қатар терінің қартаюының алдын алуға қолданылады. Ең бастысы, мия тамыры түрлі аурулардың алдын алуда таптырмайтын «табиғат құдіреті» болып табылады.
Қоғам • 18 Қараша, 2019
Қабырғалы қарт Қаратаудың қабағы ашылмағаны қашан? Қалай ашылсын, қойнауындағы сылдырап аққан бұлақтар тартылып, аң-құс біткен жоғалып бара жатса. Бір кездері Қаратаудың ұшар басында арқар, тауешкі, елік ойнақ салып жүретін. Дуадақ, қырғауыл, шіл, бөдене, бұлдырық сынды құстар сан түрлі әуенмен маңайды шаттыққа бөлеп тұрушы еді. Бүгінде тау қойнауынан ұшқан құс, жүгірген аң көру қиын...
100 • 18 Қараша, 2019
1995 жылы түрлі себептермен «Халық кеңесі» газеті таратылып, сонда қызмет істейтін журналистерді тиісті министрлік жұмыссыз қалдырған жоқ, қолдарынан келгенше әртүрлі республикалық газет-журналдарға орналастырды да, арасында осы жолдардың авторы да бар, бір топ қыз-жігіт жыл соңына қарай «Егемен Қазақстан» газетіне қызметке қабылдандық.