Президент • 13 Қараша, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Вацлав Клауспен және Абдолла Гүлмен кездесті
Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталған соң Чехия Республикасының бұрынғы Президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдолла Гүлмен кездесті.
Президент • 13 Қараша, 2017
Елбасы Иран Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қазақстан • 13 Қараша, 2017
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының іріктеу кезеңінің нәтижесі жарияланды
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Дәурен Абаев «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының іріктеу кезеңінің нәтижесін жария етті. Бұл туралы министр Фейсбуктегі парақшасында жазды.
Діни сауаттылық – діни қауіпсіздігіміздің басты кепілі
Үкіметіміз еліміздегі діни ахуалды реттеуді одан ары қарай дамыту үшін бірқатар заңнамаларымызға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қолға алғаны көпшілікке белгілі. Қоғамның қызу талқысына түскен низам жобасының әдепкідегі нобайына бірқатар ұсыныстар енгізілді. Соның бірі – ҚМДБ-ға қарасты мешіттердің неке қиюға қатысты функциясы және діни білім беру жүйесі, оның ішінде мешіттердегі сауат ашу курстарына қатысты тұстары десек, сірә қателеспейміз деп ойлаймын.
Қазақстан • 13 Қараша, 2017
Мамандар антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдауға кеңес береді
Соңғы кезде жұртшылық антибиотиктерді шамадан тыс көп қолдана бастаған. Халықтың бактерияларға қарсы препараттарға тым әуестігі аурулардың дәріге төзімділігін туғызуда, деп мамандар дабыл қағып отыр. Астанада өткен дөңгелек үстел жиынында дәрігер-сарапшылар белгіл бір дәрі-дәрмектерді тек дәрігердің рецептімен беру туралы мәселе көтерді.