Медицина • 13 Қараша, 2017
«Кеспебайдың» «Доширактан» несі кем?
Дәл солай, өзіміздің «Кеспебайдың» нарығымызды жаулап үлгерген тез дайындалатын Қытай кеспелерінен түк те кемшілігі жоқ. Қайта өзіміздікін еш күмәнсіз ішесіз. Өйткені көрші елде жасалатын түрлі кеспелерге тұздық ретінде неше түрлі қоспа қосылатынын растайтын видеолар да, қауесеттер де баршылық. Айтпақшы, көпшілік «Кеспебайды» әлі кездестірмеген болар. Енді ғана сауда дүкендеріне жол тартқан тез дайындалатын кеспе Астана іргесіндегі Индустриялық паркте орналасқан жедел тамақтандыру өнімдерінің жаңа кешенінде әзірленеді. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» ұйымдастырған баспасөз турында елордалық БАҚ өкілдері кеспенің дайындалу барысымен танысты.
Әдебиет • 13 Қараша, 2017
Ғалымның хаты өлмейтіні рас. Нағыз ғалымнан хатымен, яғни, зерттеулерімен қоса шәкірттерінің ғұмырына азық болатын үлгі-өнеге де қалады. Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Тоқсандағы тарландар» атты ғылыми семинардан осындай ой түйдік.
Аймақтар • 13 Қараша, 2017
ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 12 қараша күні Алматы уақыты бойынша 23 сағат 13 минут 44 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Медицина • 13 Қараша, 2017
«Рухани керуен» ауылдарды аралады
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты білім мен ғылым, мәдениет пен төл тарихымыз, жалпы алғанда ұлт руханиятын кеңінен қамтитын бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынғаны мәлім.
Тарих • 13 Қараша, 2017
Ту ұстап, тұлпар мінген тархан
Ұшқан құстың қанаты талатын Ұлы даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабалар ерлігі ұрпаққа ұран, ұлтқа ұлағат болып қалғаны тарихи ақиқат. Ел үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, халқының қас жауына қасқая қарсы тұрып, қол бастаған Есет батырды қазақ жұрты қашанда естен шығарған емес.