Аймақтар • 15 Қараша, 2019
Yessenov University-де Мұрын жыраудың 160 жылдығына конференция өтті
Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінде (Yessenov University) Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен ноғайлы-қазақ жыр-дастандарын ауызша жырлап жеткізген эпик-жыршы Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 160 жылдығына арналған конференция өтті. «Рухани жаңғыру» аясында «Ноғайлы жырлары және Мұрын жырау феномені» тақарыбымен өткен II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
Жастар жылы: Инновация мен шығармашылық үйлесімі
15 қараша 2019 жыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық жастар форумы болып өтті. Ауқымды шараны Білім және ғылым министрлігі, «Жандану әлемі» қоры, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, «Қазақ радиосының» қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырған.
Аймақтар • 15 Қараша, 2019
Атырау облысында Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды
Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында халық батыры, XVIII ғасырдағы соңғы хан билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай Тайманұлына ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 15 Қараша, 2019
Маңғыстауда донорлар қайырымдылық акциясын өткізді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалы қызметкерлері «Қан тапсырып, өмір сүруге үміт сыйла» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты - донорлық қанға мұқтаж жандарға көмектесу.
Қазақстан • 15 Қараша, 2019
«ҚазМұнайГаз» тарихында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату ең жоғары деңгейге жетті
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша ілеспе мұнай газын кәдеге жарату деңгейі 2018 жылы 93%-ға жетті. Бұл компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды компанияның Жұртшылықпен байланыс департаменті.