Пікір • 20 Қараша, 2020
Жолдау жетістіктерге жетелейді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауымен таныстыру мақсатында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Президент Жолдауы - жастардың жарқын келешегі» атты ой-пікір сағаты өткен болатын. Өткізілген шараның негізгі мақсаты: жастарды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқырмандардың бойындағы ұлтжандылық қасиетін көтеру, қоғамдық іс-шараларға тарту.
Саясат • 20 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтіп, биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстар сараланып, ішкі істер органдарының алдағы уақытта орындауға тиісті іс-шаралары айқындалған еді. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президенттің биылғы бірінші қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында құқық қорғау саласына жүктелген міндеттерді орындау, осы бағытта қабылданған заңнамалар мен еліміздегі қылмыстық ахуал туралы жан-жақты таныстырған болатын.
Ауыр атлетика • 20 Қараша, 2020
Қазақстан ауыр атлетикасының өрлеуіне айрықша еңбек сіңірген мамандардың бірі әрі бірегей Вилорий Пак екені даусыз. Ұзақ жылдар бойы Сыр бойында еңбек еткен айтулы азамат бір шоғыр дарынды жастың томағасын сыпырып, атақты спортшыларды тәрбиелеп өсірді. Сол саңлақтар арасынан оза шапқаны – даңқты Илья Ильин. Бақандай 10 жыл бойы көптеген халықаралық додаларда қарсылас шақ келтірмеген ол өзінің спорттық карьерасында тек алтын тұғырдан ғана қол бұлғады. Жерлесіміз 2005-2015 жылдар аралығында төрт дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Басқа да толып жатқан атақтары тағы бар. Ал көптің ішінен Ильиндей асқан дарын иесін жазбай таныған сол майталман маман жайында біз не білеміз?
Бокс • 20 Қараша, 2020
2005 жылдың 20 қарашасында Қытайдың Мяньян қаласында бокстан ХІІІ әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа бекер тоқталып отырған жоқпыз. Себебі бұған дейін өткен дүниежүзілік додаларда Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелері екі-үш жүлдемен ғана шектеліп келген. Ал Қытай елінде қазақтың бес бірдей өрені жеңіс тұғырына көтеріліп, айды аспанға бір-ақ шығарған еді.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Халықаралық онлайн оқу конгресі
Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен «Сандық және жаһандық өзгерістер дәуіріндегі оқырман ұлт» тақырыбында Халықаралық онлайн оқу Конгресі өтті.