Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Астана халықаралық әуежайынан жолаушылар биометриялық сәйкестендіру арқылы тіркеуден өтуі мүмкін. Қазір әуежай басшылығы елорданың әуе қақпасына заманауи технологияны енгізу мүмкіндіктерін қарастырып, кедергілерді сараптап жатыр.
Білім • 29 Қараша, 2023
Оқушыларға арналған ID-карта мүмкіндіктері
Карта арқылы мектепке кіру, оқу материалдарының қолжетімділігі мен асханада тамақтану мүмкіндіктері қамтылған жүйе қанатқақты режімде елордалық №95 мектеп-лицейінде енгізілген еді. Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға оқушыларға арналған ID-карталар іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Кеше Словенияның Нова-Горица қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды.
Ғылым • 29 Қараша, 2023
Зерттеу университеті: Жаңа мәртебе ғылымды дамыта ма?
Шетелдерде ғылым негізінен университеттерде жасалады. Массачусетс технологиялар институты, Кембридж университеті, Оксфорд университеті секілді жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер соны айғақтайды. Ал біздің университеттерде ғылым шетелдердегідей дамуы үшін қандай қадам жасалды? Қазір еліміздегі бірнеше жоғары оқу орны зерттеу университеті мәртебесін алды. Мұндай мәртебе университеттегі ғылымды, жалпы отандық ғылымды дамытуға шынымен де ықпал ете ала ма? Ғылымы да, соған сай экономикасы да дамыған елдерде ғылымды дамытудың әбден дәлелденген, нәтижелі бағыттары қалыптасқан, нақты жолға қойылған. Мұның бәрі, әлбетте, көпжылдық тәжірибемен келеді. Өйткені жоғарыда аталған, болмаса аты аталмаған небір мықты университеттердің басым бөлігі көп жыл бұрын, тіпті кейбірі бір ғасыр бұрын құрылған. Ал біздің осыншама көп жылды жүріп өтуімізді күн сайын қарыштап дамып жатқан технология заманы, заманның талабы күтіп тұра алмайды. Сол себепті қалыптасқан шетелдік, халықаралық ұйымдардың тәжірибесін алу, еліміздің жағдайына қарай бейімдеу өте маңызды. Осының маңызын қалай ұғып, іс жүзінде қаншалықты жүзеге асыра алып жүрміз?
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Әлемде және елімізде волонтерлер қозғалысы қарқынды дамып келеді. Волонтерлік – қоғамда пайдалы қызмет ретінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын көптің көмегі. Оған қоса, бұл игі іс мейірімділік, адалдық, достық, еңбекқорлық секілді қасиеттерді бойға сіңіреді. Мұны еліміздегі волонтерлердің қайырымдылығы мен ұйымшылдығынан көруге болады.