Оқиға • 20 Қараша, 2020
Хакім Абайдың 175 жылдығына және өмірден ерте өткен айтыскер Оразалы Досбосыновтың 45 жылдығына арналған аламанға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқитын 10 ақын қатысты.
Кино • 20 Қараша, 2020
Күні кеше Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жылды қорытындылап, екінші питчинг нәтижесі бойынша киноөндіріске жол тартқан жобалар жайлы хабарлады.
Оқиға • 20 Қараша, 2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 18 қараша күні Қазақcтанда және шетелдерде қазақ тілін үйрету және ілгерілетуді көздейтін «Абай институты» порталының таныстырылымын ұйымдастырды.
Абай • 20 Қараша, 2020
Досмұхамед Кішібеков: Абай туған халықтың ұсақталуға хақысы жоқ
Есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де етене таныс Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібековке амандаса барып, бүгінгі ғылымның өрісі, ұлттық таным, ұрпақ тәрбиесі тұрғысындағы ойларын тыңдап, батасын алып қайтқан едік. Балалық шағы зұлмат соғыс пен ашаршылық нәубетіне тұспа-тұс келген оның маңдайына тосын сыйы көп тағдыр қазақ ғылымына қалтқысыз қызмет етуді жазыпты. Жасы ғасырға жуықтаса да, санасы сергек, сөзі мірдің оғындай. Қатал уақыт қарттың қайратын алса да, көңіл көгіндегі сезім сәулесіне селкеу түсіре алмапты. Ғұмырлық қағидасында ұлттық мүддені бәрінен биік қоятын тұғырлы тұлғаның әңгімесі де әсерлі.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Күрделі операциялар Таразда да жасалады
Бұл күнде аурудың түрі көп. Дегенмен бүгінгідей медицинаның дамып, дәрігерлердің біліктілігі артқан уақытта көптеген дерттің емі табылуда. Адам өмірін сақтап қалу мақсатында мемлекет тарапынан да тиісті мүмкіндіктер жасалуда. Жуырда Алматы қаласында орналасқан орталық клиникалық аурухана нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, белгілі нейрохирург, елімізде өткен «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мыңжылқы Бердіқожаев Тараз қалалық көпбейінді ауруханасына келіп, «Ми тамырларының аневризмасы мен артериовенозды мальформациясын емдеу» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.