Әлем • 20 Қараша, 2020
COVID-19: Әлемнің әлі де әлі келмей жатыр
Пандемия кедей мемлекеттер түгілі алпауыт елдердің экономикасының да шәт-шәлекейін шығарды. Канада билігі осындай сәтте қиын жағдайға қалған кедей елдерге вакцина беруді қарастарып жатқан сыңайлы.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Маңғыстау облысында дәрілік препараттардың қоры жеткілікті. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Құбатаев мәлімдеді.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Алматы – «жасыл» және «сары» аймақтар арасында
Әлем қайтадан мазасыз күндерге оралғанына қарамастан, Алматыда тығылып той-томалақ өткізіп, алаңсыз жүргендер әлі де жеткілікті. Бұған Алматының мониторингтік топтарының соңғы күндері, яғни 15-16 қарашада 78 нысанды тексеріп, 44 нысанның шектен шыққанын, 17 қарашада 27 нысанды қамтып, карантиндік шектеу шараларына мойынсынбаған 6 нысанды анықтағаны айғақ болады. Ақшаға құныққандар қомақты айыппұл төлесе де, айылын жимай отыр.
Қоғам • 20 Қараша, 2020
Жасөспірімдер жат әдетке неге үйір?
Әлі оң-солын тани қоймаған жасөспірімдер жас шыбық секілді. Қалай исең, солай бой түзейді. Алайда кәмелетке толмағандардың арасында түнімен көше кезетіндер, тіпті наркологиялық есепте тұратындар бар. Мұның себебі алдымен ата-ананың тарапынан бақылаудың босаңсығанына тіреледі. Бұл өңір полицейлері өткізген «Жасөспірім» іс-шарасы кезінде анықталып отыр.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Ардагерлерге ескерткіш тұрғызылды
Ақтөбеде Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен актөбелік ардагерлерге арналған ескерткіш ашылып, осылайша көп жылдардан бері азаматтық қоғам өкілдері көтерген мәселе өз шешімін тапты.