«Батпандап кірген мысқалдап шығады»
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігі ерекше. Мемлекет басшысының өзі «Қазіргі жағдайда министрліктің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», деп аталған ведомство көтерген жүктің ауырлығы мен жауапкершілігіне айрықша мән-мағына берген болатын.
Сылбыр көктем мен қара күзде тұмау үдеп, ескі сырқат сырқырамай қоймайды. Емханаға барасың, жалтақтап дәрігерге жағдайыңды айтасың. Ол отыра қалып қағаз толтырады. Суыртпақтап әңгімеге тартсаң, тексере келгендер жазғанына қарап еңбегін бағалайтын көрінеді. Бұл баяғы құтыла алмай келе жатқан қағазбастылықтың кесірі болса керек. Ол үшін дәрігерлерді кінәлау артық. Істен бұрын, қағазға сенген кезде қағаздың рөлі жоғары болғаны ақиқат.
Қазақстан • 10 Қараша, 2017
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы айтты. Мегаполис әкімі биылғы жылы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында экономиканың өсу қарқыны 4 пайызға жеткенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары екенін баяндады.
Қазақстан • 10 Қараша, 2017
өңірінде ауыл шаруашылығы дамып, әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
Әлем • 10 Қараша, 2017
Қазақстан – Ресей: Өңіраралық әріптестіктің әлеуеті зор
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Челябі қаласында өткен XIV өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.