Пікір • 21 Қараша, 2022
Ел спортының, оның ішінде бокстың өркендеуіне 31 жылдан аса уақыт бойы еңбек сіңіріп жүрмін. Еңбек жолымды өзімнің туған жерім – Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында қарапайым бапкерлік қызметтен бастадым. Уақыт өте келе Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасын жаттықтырдым. 2019 жылдан бері ұлттық құраманың бас бапкерімін.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Сайлау күні Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледжде орналасқан №575 сайлау учаскесіне арнайы келдік. Сайлау комиссиясының төрағасы Руслан Әбішевтің айтуынша, дауыс беру кезінде ешқандай арыз-шағым түспеген.
Экономика • 21 Қараша, 2022
Әйелдер кәсіпкерлігі – дағдарыстағы драйвер
Экономикалық дағдарыс жағдайында микро, шағын және орта бизнес субъектілеріне артылар сенім жоғары. Өйткені аталған сектор қысылтаяң шақта жаңа жұмыс орындарын ашудың драйвері бола алады. Соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігінен көп үміт күтілетіні де жасырын емес.
Экономика • 21 Қараша, 2022
Арнайы экономикалық аймаққа келген инвестицияның игілігін көрер күнді күткелі көп жыл. Инфрақұрылымы сай аймақтар инвестиция құюға ықыластыларды жатсынған жоқ. Сұраған орнын беріп, экономикаға үлес қосатын жобаларға есігін айқара ашқалы да біраз уақыт болды. Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында іске асуға тиіс сондай жобаның бірі – «Sillumin of Qazaqstan» ЖШС-ның алюминий және биметалл радиаторлар өндірісі.
Аймақтар • 21 Қараша, 2022
Солтүстіктегі сұранысқа ие өнімдер
Биыл мамыр айында Петропавл қаласына жақын Қызылжар ауданының «Подгорное» ауылында толық қуатына енгенде айына 4,5 млн дана өнім шығара алатын кірпіш зауыты іске қосылды.