Аймақтар • 21 Қараша, 2022
«Жедел жәрдем» қызметіне – жаңа көліктер
Қызылордада медицина қызметкерлеріне 20 жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысқан салтанатты іс-шарада берілген көліктердің басым бөлігі ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Өңір басшысы дәрігерлерді құттықтап, саланы дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Өнер • 21 Қараша, 2022
«Ел іші – өнер кеніші» деп, жүрген жерімізде ағаштан түйін түйетін, темірді қайыстай илейтін шеберлерді сұрастыра жүреміз. Ұшыраса кетсе, сұхбаттасамыз. Өйткені өнер адамының әлемі өзгеше...
Таным • 21 Қараша, 2022
«Ұршық – шүйкеленген жүнді немесе матадан жіпселеп суырылған қылшаларды иіріп жіп жасауға арналған жеңіл құрал. Бұл бұйымды Қазақстан аумағында шаруашылық қарекеттерде пайдалану неолит заманынан басталған. Бұған дәлел қола дәуіріне тән археологиялық қазбалардан қыштан құйылған ұршық қалдықтары көптеп табылуда» деп жазылыпты «Қазақтың этнографиялық категориялары» атты ғылыми-энциклопедиялық анықтамалықта.
Өнер • 21 Қараша, 2022
Қазақ бейнелеу өнерінің жаңашыл өкілдері ұлттық қасиеттің болмысын, ондағы дүниетанымдық дәстүрлі көзқарасты бүгінгі уақыт сұранысымен сабақтастыра отырып, халқымыздың бай мәдениетін әлемдік өнер аренасында креативті шығармалар арқылы танытуға күш салып жүр. «Кез келген шығарма уақыт үнін әділ таразылауымен құнды» деген шеберлер Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Қазақстан Суретшілер одағының ХІХ съезі қарсаңында салтанатпен ашылған көрмеде бас қосты.
Спорт • 21 Қараша, 2022
Олимпиадаға дайындық талқыланды
Елордада Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен 2024 жылы Франция астанасы – Парижде өтетін жазғы Олимпия ойындарына дайындық мәселелері талқыланды.