Қоғам • 15 Қараша, 2023
Композитордың фотоальбом-кітабы
Жуырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабы жарық көріп, көпшілікке таныстырылған еді. Композитордың су жаңа фотоальбом-кітабында бұрын-соңды басылым беттерінде жарияланбаған түрлі кезеңдеріндегі фотолары, халыққа кең тараған әндері ноталарымен және әнші-ақындардың суреттерімен қоса берілген. Әнсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген композитор шығармашылығы туралы белгілі қайраткерлердің жылы лебіздері де ұсынылған.
Еңбек • 15 Қараша, 2023
Еңбегімен ел құрметіне бөленген
Қызылжар өңіріндегі Барлыбаевтар отбасының өмірі мен қызметі көзіқарақты оқырманға көптен таныс. Әсіресе, кейінгі жылдары Алаш азаматтарының әскер жинауға арнаған ұлан-ғайыр шарасын қыстауында өткізіп, оқыған азаматтардың бәрін жеке өзі күткен Әлти мырзаның ел үшін жасаған игілікті ісі тарихи деңгейде бағаланып, насихатталып жүр.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Ел азаматтарының айрықша бастамасы
Ауыл азаматымен көрікті ғой, шіркін! Сарқандағы жаңалықты естіп, көңіліміз бір жадырап қалды. Тасқұдық ауылында ақжүрек азаматтардың алқауымен салынған бастауыш мектеп есігін ашты. Бұл – өңірдің білім саласына ғана емес, еліміздің болашағына құйылған рухани инвестиция екені анық. Аядай елді мекеннің арманын әлдилеген білім ұясына жайғасқан оқушылардың көңілі шат.
Мектеп • 15 Қараша, 2023
Ауылды түлету мектептен басталады
Биылғы оқу жылынан бастап «Қазақстан халқына» және «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қорлары «Ақтөбе облысындағы шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін цифрлық технологияларды қолдана отырып дамыту» жобасын қолға алды. Қордан бөлінген 5 млрд теңгеге аудан орталықтарындағы 12 тірек мектеп, 134 шағын жинақты мектептің 386 оқу кабинеті қайта жабдықталып, алты мыңнан аса ауыл баласы үздік мұғалімдерден дәріс алуда. Оған қосымша өңірдегі 281 ауыл мектебінің интернет жылдамдығын жақсартуға жергілікті бюджеттен 448 млн теңге бөлінді.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
155 жыл: Кешегі лазарет – бүгінгі заманауи клиника
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының 155 жылдық мерейтойына орай «Ғасырлық дәстүрлер мен жаңа технологиялар – пациенттердің денсаулығы мен сеніміне апаратын жол» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Германия, Ресей және Қазақстанның жетекші ғылыми-медициналық орталықтарынан жалпы 350-ден аса дәрігер қатысты.