Қоғам • 19 Қараша, 2020
Таңдайымызға таза су тиер ме екен?!
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көлемінің 91,2 пайызы су құбырлары арқылы жүзеге асырылуда. Халықтың 31,89 пайызы ашық су көздерінен су ішіп отыр. Қала тұрғындарының 99 пайызы, ауыл тұрғындарының 84,3 пайызы су құбыры арқылы келетін тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген. Жұрттың 7,87 пайызы ұңғымалар мен құдықтан, 23 ауылдың халқы суды тасып ішіп отыр.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Тағдырмен тайталасқан талапты жан
Жаратқан ие пешенесіне жазған талайлы тағдыр да. Көптен бері қол арбаға таңылып, қарға адым жер мұң болып отырса да Ерік Мырзалиевтің жігері құм болған емес. Қайта өкпелеткен өмірдің сынымен күресіп, азамат екенін дәлелдеумен келеді. Дәті мықты осындай адамдардың бойындағы қажыр-қайрат, пайым мен парасат кімді болсын таңғалдырар еді.
Аймақтар • 19 Қараша, 2020
Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері аймаққа қосымша шектеу шараларын енгізу туралы қаулы қабылдады. Қаулыға қол қойылған 17 қарашадан бастап облыс аумағына, сонымен қатар Қостанай және Рудный қалаларына кіріп-шығуға шектеу қойылды. Бірақ Қостанай мен Рудный қаласынан өзге елді мекендердің арасындағы жол қатынасына кедергі жоқ.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Жаңаарқа ауданындағы Ақтүбек ауылы Ермұрат Зекен сынды ұлдарын орынды мақтан етеді. Медициналық жоғары оқу орнын биыл ғана тәмамдаған жас маман коронавирус инфекциясы құтырып тұрған күрделі кезеңде туған ауылына көмек қолын созған.
Аймақтар • 19 Қараша, 2020
Қауіпті вируспен күрес қарқынды жүріп жатыр
Бүгінде жаһан жұртшылығын алаңдатып отырған коронавирус індетінің беті әлі қайта қойған жоқ. Қауіпті індеттен әрбір адам қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы ғана қорғана алады. Қазіргі кезде Жамбыл облысында карантин талаптары біршама жеңілдетілгенмен, коронавирустың таралуының болжалды екінші толқынына дайындық шаралары өз деңгейінде жолға қойылған.