Экономика • 19 Қараша, 2020
«Каскор-машзавод» ақ asme халықаралық стандарты бойынша сертификаттаудан өтті
Соңғы жылдары Қазақстан нарығы айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Сондықтан отандық компаниялардың қазіргі заманғы әлемдік талаптарға сай болуы, экономиканың әртүрлі салаларында ең жоғары деңгейдегі қызметтерді ұсына алуы маңызды. Осыған байланысты басты міндет – отандық өндіріс нарығын дамытуға және тауарлар мен қызметтерді жергіліктендіруге атсалысу.
Экономика • 19 Қараша, 2020
Төлем карточкасын қолдану 2,6 есе көбейді
Биылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында елімізде 23 трлн теңгеге 2 млрд-қа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп.
Қоғам • 19 Қараша, 2020
Қаңтарылған құрылыс, сенделген салымшы көп
Ақтауда тұрғын үй нарығы төңірегінде дау-дамай қызып тұр. Соңы сиырқұйымшақтанып кетер деп күдіктенбей, жиған-тергенін біреудің есепшотына аударып беріп, келісілген уақытта салынып бітуге тиіс үйін жылдап күткен үлескерлердің айқайы жер жарады. Бір пәтерді бірнеше тұрғынға сатып масайраған кәсіпкер ылаңы өз алдына бөлек әңгіме. Заңсыз құрылыс жүргізумен айналысатындар да аз емес. Әйтеуір тұрғын үй нарығы мен құрылысқа қатысты мәселе оңып тұрған жоқ.
Әлем • 19 Қараша, 2020
Еуропалық одақтың бюджеті бекітілген жоқ
Еуропалық одақтың алдағы жеті жылға арналған 1,82 триллион еуро тұратын бюджеті бекітілген жоқ. Құжатқа Венгрия мен Польша вето қойды. Жоспар бойынша, қаражат коронавирус індетінен кейінгі кезеңде экономиканы құтқаруға және 2021-2027 жылдарға арналған-ды.
Саясат • 19 Қараша, 2020
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған G-Global жобасының алаңында үш күн бойы жаһандық дамудың ең өзекті мәселелері талқыланады. Әлемдік қоғамдастықтың прогрессивті өкілдері ғаламдық дағдарыстан шығудың жолдары мен XXI ғасырда озық технологияны қолдана отырып, жан-жақты дамыған қоғам құрудың алғышарттарын ортаға салады.