Тұлға • 14 Қараша, 2023
Ел мүддесін қара басының қамынан жоғары қойып, шырқыраған шындық пен аяққа басылған әділдікті қызғыштай қорғап, қолындағы қаламын қару етіп ұстанып өткен әріптестеріміз аз емес. Олардың ішінде, әсіресе көзі тірі болса бүгін 80 жасқа келетін ақмылтық журналист Мәлік Мұқановтың орны тым ойсырап тұрғаны анық.
Аймақтар • 14 Қараша, 2023
Бүгін атом электр стансасын салу жөнінде Өскемен қаласында жария талқылау өтті. Шығыс Қазақстан облыстық азаматтық Альянс заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Аяужан Әшімованың ұйымдастыруымен өткен ауқымды шараға энергетика, атом саласының мамандары келіп, АЭС-тің тиімді тұстарын айтты.
Айтыс • 14 Қараша, 2023
«Алтын домбыралы» ақын 3 бөлмелі пәтерге ие болды
«Алтын домбыралы» ақын Мақсат Ақановты жерлестері Қарағандының қақпасынан сән-салтанатпен қарсы алды. Гүл-шоқтарын ұсынып, құрмет көрсетті. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жыр дүлдүлін қабылдап, 3 бөлмелі пәтердің кілтін сыйға тартты.
Қоғам • 14 Қараша, 2023
Су мәселесінде Қырғызстанмен келісім жасалды
Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысының суармалы жеріне су беру туралы келісімге келді. Бішкекте өткен кездесуде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов келіссөз жүргізді. Талас өзеніндегі «Түйте» каналы арқылы су беруді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар атқару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 14 Қараша, 2023
Қайырсыз адам – жеміссіз ағаш – Ахмет Иүгінеки
Афоризм – бір үзік ой, оқыс пікір, оқшау сөз. Афоризм алғаш дүние құбылыстары жөнінде жинақталған білімдерін түйіндеп, пікір білдірудің бір түрі ретінде дүниеге келген. Қазақ афоризмдерінің асыл арнасы да сақ-скиф дәуіріндегі ойшылдар сөздерінен, көне түркі жазбаларынан бастау алады. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ахмет Иүгінеки, Майқы ойларын ұсындық.