Банк • 14 Қараша, 2023
S&P: Банк секторындағы мүмкіндіктер шектеледі
Банк секторындағы цифрлану үрдісі келер жылы да негізгі тренд болып қала береді, сонымен қатар банктер 2024 жылы рекордты табысқа қол жеткізуі мүмкін. Бұл туралы S&P Global Ratings рейтинг агенттігі мәлімдеді. Агенттік есебінше, алдағы уақытта банктердің 15-17 пайыз жиынтық шығыны цифрлы трансформацияға бағытталады. Бұл шығындардың бір бөлігі жеке деректерді қорғау және киберқауіппен тікелей байланысты.
Қаржы • 14 Қараша, 2023
Григорий Марченко: Девальвация жүйеленгенде, валюта бағамы басқаша қалыптасар еді
Қалам ұстап, қаржы саласын қаузап жүрген журналистердің басым көпшілігі Ұлттық банктің экс-төрағаларының бірі Григорий Марченко қатысқан баспасөз конференциясын асыға күтеді. Ол өзі қатысқан жиындардың бәрінде журналистермен еркін әңгімеге уақыт табады. Бір кездері жабық есік жағдайында талқыланған жайттардың жайын кездесу кезінде біліп аламыз. Себебі ол – Ұлттық банк тарихында екі рет төраға болған тарихи тұлға. Айтқандай, Ұлттық банктің экс-төрағасымен журналистердің биылғы кездесуі ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығы қарсаңында өтті.
Медицина • 14 Қараша, 2023
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның респираторлық медицинасы: көзқарастармен шешімдердің эволюциясы» атты II Ұлттық респираторлық медицина конгресі өтті. Онда респираторлық медицинаны дамыту келешегі талқыланды.
Саясат • 14 Қараша, 2023
Бірнеше еуропалық мемлекет Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарына кіруге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Брюссельде еуропалық ұйымдардың басшыларымен өткізген бірқатар екіжақты кездесуінде белгілі болды.
Денсаулық • 14 Қараша, 2023
Қарап отырсақ, түрлі қоғамдық қорлар, яки үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық зерттеу агенттіктері көптеген сауалдама жүргізіп, өз деректері мен дәйектерін алға тартып жатады. Әлбетте, мұндай бастамалар қандай мүдде мен пиғылға жұмыс істейтіні – бөлек әңгіме. Ешқашан дәл статистика жасау мүмкін емес десек те, осы арқылы кез келген мәселенің нобайын болжауға болады.