Қоғам • 15 Қараша, 2024
Атырау белсенділері – елордада
Мұнайлы өңірдің «Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебінің резиденттері Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұмысымен танысты. Олар Астанаға сапарлап, мемлекеттік аппараттың негізгі нысандарына барды.
Сұхбат • 15 Қараша, 2024
«Қоғам мүлкі өз мүлкіміздей қорғалуы керек»
Ел ішінде қоғамдық дүниені бүлдірмесе тыныш жүре алмайтын желөкпелер көбейіп барады. Құқық қорғау органдары алғашқы 6 айда бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін 5 мыңнан аса отандасымызды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Ал ескерткіш пен ғимарат қабырғаларына граффити салып, көзге түспей жүргендері қаншама? Осы орайда «Жастар рухы» жастар қанатының өкілі Нұрсәулет Сапарбаевамен ұйымның вандализмге қарсы республикалық науқаны турасында әңгімелестік.
Жастар • 15 Қараша, 2024
Жастар өз ісін ашуға талпынады
Елімізде келесі жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы осы бастаманың аясында кәсіптік білім беру саласына реформа жасау қажет екенін айтты. Мұндай қадам экономиканың өсімін қамтамасыз етуге әрі инвестициялық тартымдылықты арттыруға сеп болады. Осы орайда ел жастары арасында жеке кәсіпке қызығушылық артып келеді. Ұлттық статистика бюросы республикадағы жеке кәсіпкерлердің 49%-ы 35-ке дейінгі азаматтар екенін хабарлады. Қазіргі тұрақсыз нарықтағы кедергілерге қарамастан, осындай жас отандастарымыздың өз орнын тапқаны қуантады.
Өнертапқыш • 15 Қараша, 2024
Ғарышқа энергия жеткізудің жаңа шешімі
9-сынып оқушысы Нұрали Амангелдиев ғарыш кеңістігінде лазерлік сәулелену арқылы энергия жеткізетін инновациялық құрылғы жасап шығарды.
Ғылым • 15 Қараша, 2024
Прототип жасауға арналған экожүйе
Қ.Сәтбаев университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында аталған оқу орнында жоғары технологиялық «FabLab SU» орталығы ашылды. Зертханада студенттер, ғалымдар мен тәжірибелі инженерлер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, озық идеяларын жүзеге асырады.