Мектеп • 14 Қараша, 2024
Дарынды балаларға арналған мектеп құрылысы басталды
Алматы қаласында Абай атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, қала басшылығы, Парламент және мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ардагер ұстаздар қатысты.
Үкімет • 14 Қараша, 2024
Байыпты бастамалар таныстырылды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қызылорда облысына жасаған сапары барысында Президенттің жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Сонымен қатар Жолдауда айтылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын жақсарту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқылы экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ тұрғындарға сапалы білім беру қызметтерін ұсыну үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.
Банк • 14 Қараша, 2024
Таяуда елімізде шетелдік банктердің отандық нарыққа кіруін жеңілдететін талаптар бекітілді. Жалпы, бұл мәселе Президенттің нарыққа үш шетелдік банктің келуі туралы айтқанынан басталды. Қаржы нарығының сарапшылары жергілікті нарыққа жаңа шетелдік банктердің келуін оң бағалайды.
Қоғам • 14 Қараша, 2024
Қор қаржыландыруымен 500-ден астам балаға инклюзивті білім беріледі
Жыл аяғына дейін елорда мектептерінде жаңа 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылады. Барлығы, бұған дейін іске қосылғандарды есептегенде, тиісті 10 кеңістікті Астанадағы мектепте оқитын ерекше балалардың 10 пайызы қолдана алмақ.
Қоғам • 14 Қараша, 2024
Қайырымдылықпен 700 мың адам қамтылады
2024 жылдың 10 айында 550 мыңнан астам отандасымыз қордағы компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» КҚ көмегін алды. Жылдың аяғына дейін бұл санды 700 мың адамға жеткізу көзделіп отыр.