Мәселе • 14 Қараша, 2024
Қарашаның алғашқы онкүндігінде-ақ Арқада ақтүтек боран соқты. Ауылдағы ағайын шөбін үйіп, отынын әзірлеп алған. Алайда бұған үлгермей жатқандар да бар. Әсіресе көмір тапшылығын ақтоғайлықтар кешегі күнге дейін сезініп келді. Отын бағасы да шалғайдағы ел-жұрттың көңілінен шықпай тұр.
Өндіріс • 14 Қараша, 2024
Сынақтан сүрінбей өткен кәсіпорын
Елімізде жылына 400 мың тонна арнайы кокс шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Кәсіпорын құрамында төрт кокс пеші, көмір беретін және кокс түсіретін конвейерлер, газ тазартатын жабдықтар, гудрон бөлу және сақтау алаңы, өнімді жөнелтуге арналған теміржол төсеніштері бар. Кокс металды балқытады. Жаңа зауытта өндірілген өнімді Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары пайдаланып отыр.
Отбасы • 14 Қараша, 2024
Отбасындағы ұрпақ сабақтастығы
Ұрпақ арасындағы қарым-қатынас – әлеуметтік дамудың маңызды шарты. Бұл құндылықтар сабақтастығы мен жас буынның табысты әлеуметтенуін қамтамасыз етеді. Жаһанданудың әсері, мәдени контекстің, еліміздегі, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайлардың тез әрі елеулі өзгеруі ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты түрлі деңгейде дамытады.
Үкімет • 14 Қараша, 2024
Креативті индустрияны дамытатын жаңа нормалар енгізіледі
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Жиында Мәжіліс комитеттері бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. Атап айтқанда, депутаттар креативті өндірісті қолдауға және спортты дамыту жүйесін жетілдіруге бағытталған құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2024
Жетісу өңірінде шағын елді мекен көп. Көбі ауылдық округке шоғырланғандықтан, айтылған мәселе облыс әкімдігіне жетпейді. Бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында қазір облыстық мәслихат депутаттары шалғай ауылдарға сапарлап жүр. Жергілікті биліктің құлағына жетпейтін түйткілдерді де ортаға салады. Ал қаржыға келіп тірелетін дүниелерді өз қалтасынан төлеп, тұрғындардың тілегін орындап жатқандары да бар.