Пікір • 27 Қараша, 2020
Халыққа қызмет етудің жарқын үлгісі
2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мереке ретінде атап өтілді. Мұндай елеулі күн – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген ерекше құрмет.
Елбасы • 27 Қараша, 2020
Кеңес дәуірінде де қазақ ғылымы сала-сала бойынша дамыды. Кедергілер мен қиыншылықтар да болды. Соған қарамастан қазақтың талантты ұл-қыздары Мәскеу асып, Еуропа елдеріне де шығып, қазақ ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Алайда еліміз тәуелсіздік алған соң ғылымға жаңаша көзқарас қажет болды. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы дәл бағамдай білді.
Саясат • 27 Қараша, 2020
Алдағы жылдың басты міндетін айқындады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірді дамыту жұмыстары туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Қоғам • 27 Қараша, 2020
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай...»
Ұлы Абайдың асыл мұрасы біз үшін баға жетпес рухани азық. Ол – ұлтымыздың жаңа болмысын айқындауға қажетті құндылық. Мәселен, Абайдың 1888 жылы жазған бұл өлеңі, негізінен пейзаж лирикасы дегенімізбен, оның әлеуметтік әлеуеті жоғары туынды. Онда мал өсіруге бейімделген қазақ ауылының күз бен қыс кезеңіндегі шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі мен табиғи ортаға әбден бейімделе білген адамдардың мінезі, табиғат пен адам қимылының үндестігі нақты және тұтас бейнеленген.
Қоғам • 27 Қараша, 2020
Бүгінге дейін әлемдік миграцияның саяси реңкі басым болып келген еді. Ал қазір ол әлеуметтік сипатынан арылып, интеллектуалды рең ала бастады. ХХI ғасырда бұл процесс жылдам өріс алды. «Интеллектуалдарымызды елімізде қалай ұстап қаламыз?» деген сауал қоғам ішінде енді-енді талқыланып жатқанда, сырт мемлекеттер дараланып шыққан таланттарымызды өздеріне көптеп тартып жатыр.