Медицина • 07 Қараша, 2019
Қазіргі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде көптеген проблемалар бар. Азаматтардың уақтылы диспансерлеуден өту, сауықтыру шараларына қатысу, зиянды әрекеттерден арылу тағы басқаларына салғырттық танытуы өз денсаулығына тиісті жауапкершілікпен қарамауының бір көрінісі.
Өзін өзі жұмыспен қамтығандар қалай сақтандырылады?
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев журналистермен кездесуінде оңтүстік астана жарна аудару жағынан республика бойынша көш бастап тұрғанын жеткізді. 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 25 қазаны аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» түскен жарна 222,3 млрд теңгені құраған.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
iKOMEK 109 – СМС арқылы жаңа сервис іске қосылды
iKOMEK 109 елорда тұрғындарын СМС-хабарландыру бойынша жаңа сервисті іске қосты. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK 109 «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының» PR-қызметінің хабарлауынша, аталған орталық елорда тұрғындарымен және қонақтарымен кері байланыс сервисін жақсарту мақсатында Бірыңғай байланыс орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы берілген өтініштер бойынша СМС-хабарландыру қызметін іске қосады.
Қоғам • 07 Қараша, 2019
Қазақстандықтар қандай көлікті таңдайды?
Автокөліктің қуаты қозғалтқыш көлеміне тәуелді екені белгілі. Қозғалтқышының қуаты жоғары болса, темір тұлпар да желісті, жүрдек болмақ. Сәйкесінше көлемді қозғалтқыштардың жағатын отынының көлемі де көбірек және салық мөлшерлемесі де жоғары, ең бастысы, бұл көлік құнына да тікелей әсер етеді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2019
Ішімдік ішпейтін, шылым шекпейтін ауыл
Түкпірдегі елді мекенде кеңінен қанат жайған өнегелі іс өзгелерге үлгі етілмеуі қалай?! Ат басын бұрып осы ауылға келіп, ел-жұрттың берекелі тыныс-тіршілігін көргеннен кейін көкейімізге осындай сауал тірелді.