Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Ақын Мұзафар Әлімбаев өмірден озды
Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұзафар Әлімбаев 95 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды inform.kz.
Бизнес • 27 Қараша, 2017
Ақтөбелік кәсіпкер марал өсіруге бел буды
Еліміздің аумағында маралдар тек Шығыс Қазақстанда өсірілетіні белгілі. Осы кәсіп биыл Ақтөбеге де аяқ басты. Бүгінгі күндері мүйізді жануарлар облыстың солтүстік өңіріндегі Мәртөк ауданының Қазан ауылында емін-еркін жайылып жүр. Оның аталығы мен аналығының сандары бірдей. Маралдардың төлдеп, көбейетін кездері келесі жылға есептелген. Өңір үшін дәстүрлі емес шаруашылықты іске асыруға «Зару» жеке қожалығының иесі Ертарғын Тілегенов белін бекем буыпты. Таңсық жобаны жүзеге асыру мақсатында ол «бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 150 миллион теңге несие алған екен. Ұрыста тұрыс жоқ дегендей бүгінгі күні жаңа кәсіпті игеруге байланысты біраз істің басы қайырылыпты. Арнайы бөлінген 700 гектар алқапта жайылым аумағы жасақталып, түгелдей қоршалған. Қоршаудың биіктігі үш метр. Бұған қоса қоралар салынып, маман-жұмысшыларға арналған үй тұрғызылыпты. Құдықтар қазылған. Жайылымдылық жерді тиімді түрде пайдалану шаралары белгіленген.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Ескі көлікті жоюға 5 млрд теңге аударылды
Ескі көліктерді жоюға қабылдау бағдарламасына бір жыл толды. Ал елімізде осынша уақытта 34 605 жеңіл автокөлік жоюға қабылданып үлгерген. Тозған көлігін тапсырған қазақстандықтарға 5 млрд 190 млн 750 мың теңге қаражат аударылыпты.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
«Ару Алматыға – 1001 жасыл көшет» акциясы өтті
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаев өзінің оңтүстік астанаға жасаған сапарында Алматы қаласының бастапқы келбетін қалпына келтіру бағытында көгалдандыру жұмыстарын қызу қолға алуды тапсырды.
Футбол • 27 Қараша, 2017
«Тараз» футбол клубы бірінші лигада ойнайды дегенді естігенде жанкүйерлердің езуіне күлкі үйіріледі. Соншама талантты футболшыларды тәрбиелеген ұжым осындай халге душар болып отыр. Жамбыл жері қазір де таланттарға кенде емес. Алайда клубтың менеджмент саласы ақсап тұр. Өзі баулыған футболшыдан табыс түсіріп, жанкүйерлер тарту жолында жұмыс істемейді. Енді тіпті, биыл бірінші лигаға түсіп қалды.