Спорт • 28 Қараша, 2022
Франция мен Дания құрамалары арасындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталғаны белгілі. 61 және 86-минуттарда Килиан Мбаппе нысананы дәл көздеді. Осы дубльдің арқасында ол өзінің отандасы, даңқты Зинеддин Зиданды қуып жетті. Екеуі де ұлттық құрама сапында 31 голдан соқты. Осылайша, ол Жюст Фонтен мен Жан-Пьер Папеннен озып кетті. ХХ ғасырдың аты теңдессіз теңбіл доп шеберлері қарсыластар қақпасын 30 ретттен дәл көздеген еді.
Футбол • 28 Қараша, 2022
Бельгияның алтын дәуірі аяқталды ма?
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының кезекті күнінде жанкүйерлер тартысқа толы төрт матчты тамашалады. Жексенбі күні жасыл алаңға E тобындағы Жапония – Коста-Рика, Испания – Германия, ал F квартетіндегі Бельгия – Марокко, Хорватия – Канада құрамалары шығып, маңызды ұпайларды сарапқа салды.
Театр • 28 Қараша, 2022
Ертегі десе елең етер көрерменді желтоқсанның 4, 9, 10 және 11-і күндері «Астана Балет» театрында «Қар патшайымы» балетінің премьерасы күтеді. Даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсен ертегісінің желісімен қойылатын спектакльдің режиссері – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстан Республикасының халық әртісі Георгий Ковтун. Спектакль маэстро Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
Президент • 28 Қараша, 2022
Президент Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің қарым-қатынастары сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2022
Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды
28 қараша күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда деп хабарлады жедел штаб.