Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Қоғам тыныштығын күзеткен әулет
Қасындағы серігін жәбірленуші әйелдің қасына қалдырған сержант оқиға орнынан біршама ұзап үлгерген қылмыскерді қуа жөнелді. Екі арадағы қашықтықты қысқарта түскенімен, қашқын қараңғы көшелердің біріне жалт бұрылып көзден таса болар түрі бар. Оның ойын болжап үлгерген милиция сержанты «Тоқта, атамын!» деп айқайлап, аспанға ескерту ретінде оқ атты. Оқыстан атылған оқ дауысы түнгі он шамасында мүлгіген тыныштықты бұзды...
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Ескерткіш қоярда да ескеретін жайлар бар
Ел ерлерін ескеретін тәуелсіздік заманы туғалы қазақ елінің жер-жерінде, ел-елінде небір ескерткіштер соғылып, тұрғызылды. Қазақтың ұлы ханы Абылайдан бастап, өзге де хандар мен би-сұлтандарға, батырларға тұрғызылған ескерткіштерді көргеніңізде, көңіліңіздің өсіп сала берері бар. Бұған қоса Алаш қайраткерлері және қазақ әдебиеті мен өнерінің тұлғаларына, жиырмасыншы ғасырдың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының батырларының бәріне бірдей болмаса да, кейбіреулерінің де ескерткіштері әр аймақта бой көтерді. Бәрекелді дейміз! Кезінде өзіміз де Сенат депутаты болып жүрген жылдары Үкіметке сауал сала жүріп, Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллинге ескерткіш тұрғызылуы сияқты абыройлы істің басы-қасында жүрдік.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен екі күнге жоспарланған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы кешенді шаралар Сырдария ауданында жалғасын тапты.
«Астана Клубының» спикерлер қатарында ресейлік саясаткерлер мен сарапшылар бар
Мерейтойлық форум сарапшылары құрамына Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадков, РФ Мемлекеттік Думасының Комитет төрағасы, БРИКС зерттеу жөніндегі ұлттық комитеттің басқарма төрағасы Вячеслав Никонов, ЕАДБ жанындағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі Евгений Винокуров, "Өркениеттер диалогы" зерттеу институты бақылау кеңесінің төрағасы Владимир Якунин мен Ресей саяси зерттеулер орталығы кеңесінің төрағасы Евгений Бужинский кірді.
Әлем • 06 Қараша, 2019
Өлзийсайханы Энхтүвшин: Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту шарасын қолдаймыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз айында Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда сөз сөйлеп, қазақ даласында хандық құрған көшпелі империя Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдаған еді. Жуықта Халықаралық Түркі академиясы Президент бастамасын қолдау мақсатында жиын ұйымдастырды. Оған елімізге танымал ғалым-қайраткерлермен қатар, Моңғол елінің вице-премьері, тарих ғылымдарының докторы Өлзийсайханы Энхтүвшин бастаған ресми өкілдер қатысып, басқосудың маңызын арттырды. Осы орайда біз қадірлі мейманды сөзге тартып, алда өтетін ұлыстың ұлық мейрамы Алтын Орда тарихына қатысты шағын әңгіме өрбіткен едік.