Жәдігер • 09 Қараша, 2024
Көп жыл бұрын Шалқар ауданының Софы есімді тұрғыны елсізде, құм ішінен төңкерулі жатқан үлкен қазан тауып алады. Бұл әрбір қазақ үйінен табылатын қара қазан емес, ерекше құйылған, бір жылқының еті тұтас сыятын дәулетті жанның тұтынған дүниесі. Құм суырғанда ашылып қалған бұйымның осы өңірді жайлаған Тотанның балаларынан қалғанын ел ақсақалдары біліп үйде сақтайды.
Ғылым • 09 Қараша, 2024
Nazarbayev University ғалымдары паркинсон ауруына қатысты DJ-1 ақуызының жаңа қызметін анықтады. Зерттеу нәтижесі кейінгі 20 жылдағы ең маңызды жаңалық ретінде танылып, биохимия саласындағы беделді журналдардың бірі «Nature Communications» журналына жарияланды.
Университет • 09 Қараша, 2024
Шәкәрім университеті «QS Stars» рейтингінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызды иеленіп, халықаралық беделі нығайды. Сөйтіп, аталған оқу орны «QS Asia University Rankings 2025» рейтингінде өз орнын айқындап, бірден 100 сатыға жоғарылап, Азиядағы 984 университеттің ішінде 501-520 орындарына тұрақтады.
Тағзым • 09 Қараша, 2024
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қазақ тіл білімінің іргетасын қалауға зор үлес қосқан Құдайберген Жұбановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Жұбанов тағылымы» атты халықаралық ХІ конференция өтті.
Зерде • 09 Қараша, 2024
Бір ауыз орыс тілін білмеген әкем он алты жасында білім қуып, Мәскеуге оқуға түсті. Алты айдың ішінде орыс тілін меңгеріп, Ленин атындағы кітапханаға адаспай бара алатындай жағдайға жетіпті. Мәскеуде бастан кешкен оқиғалары туралы жиі әңгімелеп отыратын. 1953 жылдың наурызында бір топ курстасымен Тарих және архив институтының төбесіне шығып, Сталинді жерлеу рәсімін көргенін айтқаны жадымызда әлі тұр.