Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Өңірдің экономикалық көрсеткішінің негізгі локомотиві – ауыл шаруашылығы саласы. Аграрлы бағытқа бет бұрған шағын және орта бизнес субъектісі көбейді. Тіпті олардың өнімдегі үлесі 33%-дан асты. Бүгінде 13 700 гектарға егілген қант қызылшасының 63%-ы ғана жиналды. Түсім – 615 мың тонна. Зауыттар оның жартысынан көбін қабылдап, өңдеп жатыр. Қазірдің өзінде өндіріс орындарына тәтті түбір сыяр емес.
Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин музейінде жазушы, этнограф-ғалым, сатира сардары Сейіт Кенжеахметұлының 85 жылдығына арналған «Сан өнердің сарбазы» атты көрме ашылды.
Ауыл • 09 Қараша, 2024
Малшы қауым зоотехник іздеп жүр
Мал шаруашылығы саласындағы маңызды мамандардың бірі зоотехниктердің кешегі кеңестік кезеңде беделі жоғары болатын. Ал бүгінде елімізде зоотехник жетіспеушілігі айқын сезіледі. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің деректеріне қарағанда, елімізде 700 зоотехник жетіспейді екен. Түркістан облысының Ордабасы ауданында Беларусь технологтерінің еңбек етіп жүргені – маман тапшылығының бір көрінісі.
Аймақтар • 09 Қараша, 2024
Қызылорда – Жезқазған күре жолы: Құрылыс тәмамдалуға таяу
Оңтүстікті орталықпен байланыстыратын «Қызылорда – Жезқазған» күре жолының бойында тірлік қауырт. Қайта жаңғырып жатқан жолдың көп бөлігінде көліктер кедергісіз зырлайды. Қазір автожолдағы үш учаскеде асфальт төсеу жұмыстары аяқталуға жақын тұр. Қызылорда мен Ұлытауды жалғап жатқан 424 шақырым жолдың 204 шақырымы біздің аумақта. Осы күні жолдың Қызылорда аумағындағы үш учаскесінде үш қабат асфальт төселіп бітуге жақын. Жыл соңына дейін 140 шақырым жол қолданысқа беріледі.
Қоғам • 09 Қараша, 2024
Өңірлерді зерттеудегі маңызды қадам
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты 8 облыстан өкілдік ашты. Өңірлік желі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму серпінін бақылауға, түрлі талдамалық материалдардың сапалы болуына ықпал етеді.