Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Студенттер арасында «ABAIquest» ойыны өтті
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «ABAIquest» ойыны тартысты өтті.
Аймақтар • 06 Қараша, 2019
Тұтас елдің дамуы өңірлердің өркендеуінен көрінеді деген қағидаға сүйенер болсақ, Атырау аймағының алған асуы да, абыройы да биік. Биылғы тоғыз айдың өзінде облыстағы жалпы өңірлік өнім көлемі 106, 3 пайызға жетті. Өнеркәсіптік өнім көлемінде де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біраз алға ілгерілеушілік байқалады. Мұнай-газ өндіруде, негізгі капиталға салынған инвестицияларда, құрылыс жұмыстарында, жалпы қай саланы алып қарасақ та, жақсы жетістіктердің бары – Елбасы мен Президент жүктеген тапсырмалардың аясында өңірде өрісті істердің жүзеге асып жатқанының көрінісі. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты мәлімет берді.
Медицина • 06 Қараша, 2019
ЭКҰ арқылы мемлекеттің көмегімен 2700 бала дүниеге келді
Қазақстанда экстракорпоралдық ұрықтандырудың бюджеттік бағдарламасы 2010 жылы енгізілген. Содан бері елімізде мемлекет жәрдеміне сүйенген ата-аналар бұл тәсіл арқылы 2 мың 700-ден астам сәбиді дүниеге әкелді. Бұл жайлы Алматыда өткен «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.
Қоғам • 06 Қараша, 2019
Сексен беске келсе де сергек. Қимылы жылдам. Тынымсыз тау-тас кезіп, жыл мезгіліне қарай сан түрлі өсімдік жинайды. Өсімдіктің тамырынан бастап, жапырағына, гүлінің шырынына дейінгі қасиетін біледі. Табиғат тамыршысы сырын білмейтін өсімдік, әй, кемде-кем шығар.
Әлем • 06 Қараша, 2019
Тіршілік нәрін қадірлеудің жапониялық үлгісі
Бүгінгі таңда су ресурстарын пайдалану әлем елдерін алаңдатып отырған маңызды мәселелердің санатында. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көршілес елдермен арада трансшекаралық өзендерді пайдалану туралы қатысты ынтымақтастық орнатып, бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізді. Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген Жолдауында «Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу» мәселесіне тоқталғаны белгілі. «Салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек», деді Елбасы. Президент Қ.Тоқаев та өзінің Жолдауында да халықты сапалы ауыз сумен қамту ісіне ерекше мән беріп, Үкіметке тиісті тапсырма берді. Судың тіршілік нәрі екенін, оны үнемдеу қажеттігін баршамыз білеміз. Алайда «Судың да сұрауы бар» деген сөзді жиі ести тұра, оны шексіз, ешқашан таусылмайтын дүние деп қабылдаймыз. Суды қалай ысырапсыз пайдалануға болады? Бұл орайда суды тұтынудың айрықша технологиясы бойынша баршадан озық тұрған ел Жапонияның тәжірибесіне арқасүйеген артық болмайтыны анық. Бұл ел су ресурсына бай болса да әр тамшыны мақсатты пайдаланудың тетіктерін меңгерген. Жапон ғалымдары суды ысырап қылмаудың ғажайып амалдарын жүзеге асырып, өндірісте де, тұрмыста да кеңінен қолданады.