18 мемлекеттің ғалымдарды қатысқан басқосуда министр мемлекет 2010 жылдан бастап ЭКҰ бағдарламасын тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлеміне енгізілгенін, сөйтіп соңғы сегіз жылда мемлекет ЭКҰ циклдерінің санын 9 есеге өсіргенін айтты. Бұрын жылына 100 ЭКҰ мемлекет есебінен жүргізілсе, бүгінде оның мөлшері 900-ге жетіпті. Мәселен, 2010 жылы 100 ЭКҰ циклі, 2011 жылы 350, 2012-2014 жылдары 600, 2015 жылы 820, 2016 жылы 816 цикл жасалған. 2017 жылдан бері жыл сайын 900 ЭКҰ циклін мемлекет қаржыландырып келеді. «Бедеулікке шалдыққан қазақстандық отбасыларды мемлекеттік қолдау мақсатында заманауи қосалқы репродуктивті технология арқылы 5,5 мыңнан астам процедура жасалды. Тек 2010-2018 жылдары Қазақстанда бюджеттік бағдарламаның арқасында 2700-ден астам бала дүниеге келді», деді министр Е. Біртанов.
Бүгінде елімізде ЭКҰ бағдарламасы бойынша үлкен тәжірибесі бар 1 мемлекеттік және 5 жекеменшік клиника жұмыс істеуде. Елімізде ЭКҰ көмегімен алғашқы бала 1996 жылы дүниеге келді.