Медицина • 28 Қараша, 2023
Елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният кезекті Үкімет отырысында еліміздегі қызылша ауруы бойынша ахуалды айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 28 Қараша, 2023
Кейінгі бірнеше ай бойы қоғамда қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін арттыру жайы қызу талқыланып жатыр. Ұлттық экономика министрлігі қосымша құн салығы мөлшерлемесін қазіргі 12 пайыздан 16 пайызға дейін арттыруды ұсынса, кәсіпкерлер бұған қарсылық білдіреді. Министрліктің мәлімдеуінше, ҚҚС мөлшерлемесін жоғарылату қазынаға түсетін табысты көбейтеді.
Қаржы • 28 Қараша, 2023
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін атап айтты. Осыған орай, Мемлекет басшысы жақында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдап, оған саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығарып, жалпы өнімінің көлемін 2 есе арттыру міндетін жүктеді.
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Сарапшылар дамушы елдерде урбанизация үдерісі жоғары болатынын айтады. Қала халқының саны өскен сайын, суға жауапты мекемелерге салмақ түседі. Мұны үйлестіруге келгенде ұзақмерзімді жобалар қажет-ақ. Судың жайына Үкімет, өңір басшыларымен қоса шаруалар да алаңдаулы. Кейбір өңірлер «кеңесіп пішкен тон келте болмас» деп суды аз қажет ететін өнімдерді өсіруге ыңғайлана бастады. Құптарлық іс, су аз келетін мезгілде жоқтан бар жасаймын деп босқа шығындалудың қажеті қанша?!
Қоғам • 28 Қараша, 2023
Кәсіпкерліктің өндіріске әсері
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласы халқымен кездесті. Бірнеше облыстық басқарма басшылары баяндама жасап, өз салалары бойынша қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы айтты. Қала әкімі Шапағат Әубәкірдің баяндамасында негізінен қаланың алдағы даму жоспары сөз болды.