Аймақтар • 04 Қараша, 2019
Еліміздегі тарихы тереңнен тамыр тартатын іргелі басылымдардың бірегейі, қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатқаны белгілі. Естеріңізге сала кетейік, газетіміздің ғасырлық тойы жыл басында, нақтырақ айтсақ, ақпан айында қасиетті Абай елінен, алаштың рухани астанасы Семей шаһарынан, ұлылар туған топыраққа, ұлт қайраткерлерінің ізі қалған қастерлі өлкеге тағзым етуден басталған еді. Екі күнге созылған шара аясында Алаш Орданың астанасы болған Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимаратында басылымның 100 жылдығына орай «WORLD OF EGEMEN KAZAKHSTAN» ақпараттық-интеллектуалдық онлайн бұрышы ашылып, оқу орнындағы «АКМЕ» халықаралық клубының отырысы «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған-ды.
Әдебиет • 04 Қараша, 2019
Бойда барды көзге ұрып, жалтырамаған...
Әрине, көбіміз Сарбас Ақтаевты қосшы, басшы дегендей журналистиканың қосын жеккен азамат райында білеміз. Расында да ол негізінен журналист. «Көкшетау правдасы», «Жетісу», «Социалистік Қазақстан», «Халық кеңесі», «Ақиқат»... міне, журналист Сарбас Ақтаев жүріп, өтіп келе жатқан ұзын жолдың өн бойы. Бірінде тілші, келесісінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор... Қаламның қатардағы жауынгерінен бас қолбасшысы – бас редакторына дейін өсе қызмет еткен. Өзіміз ардақ тұтар аға алған асулар, алқынбай жеткен биіктер, міне, осындай! Әсіресе, алғашқы қорғасынынан құйып, қалың қауымға сүйікті етіп қалдырып кеткен «Халық кеңесі» газетіне бас редактор ретінде сіңірген еңбегі алабөтен-ақ. «Халық кеңесі» шын мәнінде халық сөзін айта шығып еді жарық жалғанға. Оқып, оқып, айызымыз қанар еді, шіркін!
Әдебиет • 04 Қараша, 2019
Жақсылық жасауда ысырап жоқ, ысырапта жақсылық жоқ
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Бұл – ұят болады, жаман болады, обал болады. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме, «жаным – арымның садағасы» дегені. Жаман болады дегені – «жақсы сөз – жарым ырыс», жамандықтан аулақ жүр дегені, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деп бағамдағаны. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін деп ескерткені. Иә, бала күнімізден мұндай ескертудің талайын естіп өстік. Одан бөлек «ысырап болмасын», «ысырап қылмаңдар» дейтін қариялардың қатаң қағидалары әлі күнге жадымызда жаңғырып тұр.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Қазақтың «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелі көбіне рухани жүдеулік пен азапты дертке ұшырап, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден қол үзген, халықтық қалыппен қабыспайтын сиықсыз әрі сорақы жаңа салттардан көпшілікті сақтандыру мақсатында айтылып жатады. Бұл дерт ең алдымен жас ұрпақтың тамырын кеміріп, тауын шағатын құртқа, ал бүкіл ұлт үшін үлкен сорға айналды. Бүгінгі әңгімеміз – ұлттық тәрбиенің бесігі саналатын, ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан той мәдениеті төңірегіндегі түйткілдер жайында болмақ.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Оқырман мен көрерменнің бүгінгі сатира әлемінен Қалтайдың қағытпа қалжыңын, Уайдиннің уытты тілін, Оспанханның осып түсер сарказмын, Шонаның шақпа әзілін іздеп жүргені жасырын емес. Қазіргі сатира қоғам өмірінің қалтарыс-бұлтарысын, адам табиғаты мен мінез-құлқының ұңғыл-шұңғылын, көз шала бермейтін қия беткейін ашып, аршып, көрсетіп беруге қауқарлы ма? Сатираның бет-бейнесі, бағыт-бағдары қаншалықты өзгерді? «Egemen Qazaqstannyń» кезекті дөңгелек үстеліне қатысқан бір топ сатира сарбазы, міне, осы сауалдарға жауап береді.