Қазақстан • 29 Қараша, 2023
Мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды
Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс еселеп артатыны белгілі. Осы себепті «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірнеше бағытта қосымша пойыздарды шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Қазақстанда саусақ іздерін міндетті тіркеу енгізілмеуі мүмкін
Қолданыстағы ережелерге сай саусақ ізін міндетті тіркеу 2024 жылдың 1 қаңтарынан басталуы керек болатын. Алайда елімізде міндетті дактилоскопиялық тіркеуді (саусақ ізімен анықтау) енгізуді алып тастау жоспарланып отыр. Құжат Мәжіліс қарауына жіберілген, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Қараша, 2023
Таэквондодан VI жазғы Спартакиада өтеді
Таэквондодан желтоқсанның 2-4 күндері аралығында Астанада еліміздің VI жазғы Спартакиадасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 29 Қараша, 2023
АҚШ-та ядролық қаруға тыйым салу мәселесі талқыланды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның бас ғимаратында 27 қарашада басталған Ядролық қаруға тыйым салу шартына (ЯҚТСШ) қатысушы елдердің екінші конференциясына Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
Жезқазғанда жылу желісін жаңартуда 223 миллион теңге негізсіз жұмсалған – прокуратура
Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ) қызметін тексерді. Тексеру нәтижесінде Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлытау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.