Шаруашылық • 05 Қараша, 2024
6 млн тонна астық бастырылды бірақ бидайға сұраныс төмен
Қостанай облысы биыл 5 млн 973 мың тонна астық алды. Орташа түсім гектарына 14 центнерден келді. Ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары 1 гектар алқаптан 17 центнерден жоғары өнім алып отыр. Топырақ құнары төмен, ауа райы егіншілікке қолайсыздау оңтүстік аудандардағы көрсеткіш бұдан әлдеқайда аз. Мысалы, Жангелдин ауданындағы орташа шығым көлемі – гектарына 8 центнерге дейін ғана.
Саясат • 05 Қараша, 2024
Қазақ-француз мәдени байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары қарсаңында Парижде Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның Мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту келешегін талқылады.
Қоғам • 05 Қараша, 2024
Тұрғынжай: оң өзгеріс, ойланарлық ұсыныс
Еліміздегі тұрғынжай құрылысының қарқыны айтарлықтай. Ұлттық статистика бюросының ақпарына қарағанда, былтыр кейінгі он жылдың ішіндегі рекордық көрсеткішке қол жеткізіліп, жалпы көлемі 17,5 млн шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Соған қарамастан, баспана кезегінде тұрған азаматтар саны әлі де көп.
Саясат • 05 Қараша, 2024
Қытайдың жетекші компаниялары өкілдерімен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен Қазақстан – Қытай инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Шанхай қаласында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен келіссөздер өтеді. Сонымен қатар VII Қытай халықаралық импорт көрмесіне қатысу жоспарланған.
Ғылым • 05 Қараша, 2024
Емі табылуы қиын альцгеймер және паркинсон ауруларына қарсы дәрі жасап жатқан мамандар арасында отандық ғалымдар да бар. Солардың бірі – химия ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің зерттеуші-профессоры Нұрбол Аппазов. Осыған дейін де күріш сабанынан биотыңайтқыш, целлюлоза алу, жантақтан дәрілік препарат дайындау, мұнаймен ластанған топырақты тазалау жобаларына жетекшілік еткен ғалыммен әңгімелескен едік.