Медицина • 05 Қараша, 2024
Борышқа белшесінен батқан аурухана
Павлодардағы №3 аурухананың кредиторлық қарызы бір жарым жыл ішінде 44 есе ұлғайған. 2023 жыл басында небәрі 8 млн теңге болған борыш бүгінде 356 млн теңгеге дейін өсіп кетіпті. Өңірдегі емдеу ұйымдарының біразында осындай мәселе байқалып отыр.
Алматы • 05 Қараша, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінде «Қазақстан халық банкі» АҚ қолдауымен «Halyk Academy» зертханасы ашылды.
Денсаулық • 05 Қараша, 2024
Балалар денсаулығы – басты назарда
Кейінгі 5 жылда халқымыздың саны 8,8%-ға өсті, оның ішінде жасы 18-ге дейінгі отандастарымыздың саны 6,6 миллионға жетті. Өткен жылы 388 428 нәресте жарық дүниеге келсе, 2024 жылдың 8 айында 245 777 бала туған. Елімізде 250 перзентхана, оның ішінде 39 перинаталдық орталық бар.
Форум • 05 Қараша, 2024
Париж форумында Президент архиві ерекшеленді
Өткеннен сыр шертетін әрбір құжат – терең қатпарлы көне тарихымыздың бір бөлшегі, әрбір архив – тұтас ұлттың жады, ал оны сақтау – бүкіл адамзатқа жүктелген үлкен жауапкершілік. Осынау қастерлі міндетті абыроймен атқарып келе жатқан еліміздегі архивтердің ауқымды желісі қазіргі таңда 223 мемлекеттік архивтен, сондай-ақ жеке және ведомстволық архивтерден тұрады. Ұлттық архив қорының жалпы көлемі 25 миллион сақтау бірлігін құрайды.
Руханият • 05 Қараша, 2024
Тобыл өңірінде көрнекті ақын, журналист, аудармашы Ғаббас Жұмабайұлының 100 жылдығы аталып өтті. Қаламгердің кіндік қаны тамған Меңдіқара ауданында басталған мерейтой Қостанайда жалғасын тауып, облыстық «Қостанай таңы» газетінің ғимаратында майдангер қаламгерге арналған мемориалдық тақта ашылды.