Энергетика • 02 Қараша, 2023
Республикамыз көмірсутек ресурстарының: көмірдің, мұнайдың, газдың мол қорына ие. Елдегі электр энергиясының шамамен – 67%-ы көмірмен, тағы 21,5%-ы газбен өндіріледі. Бірақ олардың электр энергиясын беретін отын ретінде қолданылуы барған сайын азая бермек.
Үкімет • 02 Қараша, 2023
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Отырыс Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілерді бір минут үнсіз еске алу рәсімімен басталды.
Қоғам • 02 Қараша, 2023
Елімізде 35 жасқа дейінгі азаматтар үшін «Jastar live» мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Платформада мемлекеттік бағдарламалар туралы толық ақпарат беріліп, соңғы жаңалықтар жарияланып отырады. Сондай-ақ студенттерге түрлі іс-шараларға жеңілдіктер алуға мүмкіндік болады әрі жедел жұмыс табуы үшін түйіндемелері де ілінеді. Жаңа қосымша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйытқы болған алқа отырысында таныстырылды.
Пікір • 02 Қараша, 2023
Энергетикалық байланысқа мүдделі
АЭС-теріне отын жеткізу мәселесі туындаған тұста уран өндіру бойынша әлемде қай елдің алдыңғы орында екенін Франция жақсы білді.
Реформа • 02 Қараша, 2023
Жер реформасын жеріне жеткізілуге тиіс
Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы жеріне түбегейлі реформа қажет. Ол үшін ондай жерлерді елді мекендер учаскесінен бөліп жеке заң қабылдаған жөн. Сонда ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптарды пайдалану ісі реттеледі, олардың ерекшеліктері толық айқындалады. Осындай заң көрші Ресейде, басқа елдерде де қабылданған. Менің ойымша, елді мекендердің (қалалардың, кенттердің) аумағы мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (мүмкін оның ішіне ауылдық елді мекендерді қосу мүмкіндігін де қарастыру керек шығар) өзара бөліп, екі заң (немесе Кодекс) қабылдау жайын алдымен ғалымдармен, тәжірибелі мамандармен кеңесіп, талқылау керек. Мүліктердің бірыңғай кадастр базасы енгізілген қазіргі жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді елді мекендердегі коммерциялық мақсаттағы шағын жер учаскелерінен бөліп қарау дұрыс болар еді.