Қоғам • 30 Қараша, 2022
Астанада жылдар бойы құрылысы тоқтап тұрған нысандар баршылық. Күрделі мәселеге жергілікті әкімдік пен қала халқы алаңдаулы. Мәселенің шешімі ретінде қала әкімдігі осыдан 5 жыл бұрын құрылысы тұралаған нысандар туралы жақсы бастама көтерген еді. Ізінше несиелік қаражат есебінен мерзімінен әлдеқайда кешіккен құрылыс жобаларын қаржыландыру мақсатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымы құрылды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Ең ғажап суретші – табиғаттың көз тояттайтын сұлу картиналарын күнде көзбен көргенімізбен, кейде көргенді көңілге тоқып, жүрекпен сезіне алмай жатамыз. «Көзінен басқа ойы жоқ» деген Абай өлеңіндей өмір сезімсіз өтіп жатқандай көрінетіні тағы бар. Жүректің көзін жұмуға, сезімін сөндіруге әсте болмайды. Осы мақсатта елордада алғаш рет «Жүрекпен көремін» шығармашылық көрмесі мен қараңғылықта керемет концерт ұйымдастырылды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Елімізде бірлескен білім беру жобасы сәтті жүзеге асып жатыр. Жергілікті жоғары оқу орындарында шетелдік озық университеттердің бағдарламасы енгізіліп, студенттер шекара аспай-ақ білім көкжиегін кеңейте түскен.
Дін • 30 Қараша, 2022
Дін мен діншілдік – екі бөлек ұғым
2019-2022 жылғы зерттеу мәліметтеріне зер салсақ, Шымкентте жастар арасындағы діндарлық 2 пайызға өскен, ал деструктивті діни ағымдардың жетегінде кеткен жастар саны төмендеген. Мұндай деректер қалалық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жастар арасындағы дін мен діншілдік» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік форумда айтылды.
Қоғам • 30 Қараша, 2022
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Ashyq Alan» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу бағытында бірнеше семинар-тренинг өтті.