Ұлттық театрдың негізін қалаған Елубай Өмірзақов, Қапан Бадыров сынды сахна саңлақтары туған топырақта тағы бір театр еңсе тіктеді. Қостанайдағы «Мирас» мәдениет үйінде өңірдегі тұңғыш жеке өнер ұжымы – «Таған» театрының тұсаукесері өтті.

Жаңа театрдың шымылдығын белгілі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлеубайдың «Ахмет, Әлихан» премьерасы ашты. Драмалық шығарманың көркемдік деңгейі мен идеялық мазмұнына баға беретін театр сыншысы емеспіз. Бірақ зал толы иін тіресіп отырған көпшілік көрерменнің көңілінен шыққанын айту керек. Әсіресе жас театрдың сахнаға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бейнесін қатар алып шыққаны сүйсінтті. Қойылымда Ақаңның абақтыдағы азапты толғаныстары, туған жерге, сүйген жарға деген сүйіспеншілігі, жер тұтастығын сақтап қалу жолында Ленинмен кездесуі, ұлт көсемі Әлиханға деген шынайы құрметі нанымды көрініс тапқан.
Қойылым аяқталған соң, Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының бұрынғы актері, жаңа құрылған театр – «Тағанның» жетекшісі Төленді Әлқожа сахнаға шығып, көпшілікті жаңа театрдың жайынан хабардар етті.
– Театр ашамыз деп ойлап жүргенімізге біраз болған еді. Ақыры әріптесім, актер Асылан Кенжетай екеуміз белді бекем буып, театр құрдық. Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, ЮНЕСКО көлемінде көп дүние атқарылып жатыр. Әр қазақ өз үлесін қосуда. Біз де өзіміз құрған театрдың шымылдығын Ахмет Байтұрсынұлы мен Әлихан Бөкейхан туралы спектакльмен ашып отырмыз. Ол кісілердің аруағы бізді қолдасын, Алаш мұраты үшін басын ажалға тіккен ұлы қайраткерлердің өмір жолын, асыл мұрасын көпке өнеге етейік деген ойымыз болды. Спектакльді ұстазымыз, драматург Ерсайын Төлеубайға арнайы жаздырттық, – деді Т.Әлқожа.
Ел еңсесі тіктеле бастаған 2000-ыншы жылға дейін Қостанайда ұлт театры түгілі, қазақ өнерінің иісін сезу мұң болатын. Театр ұжымын құттықтаған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов өңірдің соңғы ширек ғасыр ішіндегі мәдени дамуына тоқталып, жаңа театрдың ашылуы өңір руханиятының ең үлкен табысы екенін айтты.
– 2000-ыншы жылы 14 қыркүйекте дәл осы залда, дәл осы сахнада Қостанайдағы тұңғыш қазақ театры ашылған еді. Ол – бүгінде қанаты қатайған, омыртқасы бекіген, өнерде өзіндік орны бар Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры. Бұл театр қазір Қостанайдың даңқын облыс аумағында ғана емес, бүкіл республика көлемінде асқақтатып жүрген үлкен кәсіби өнер ордасына айналды. Енді, міне, табаны күректей 22 жылдан кейін Қостанайда екінші қазақ театры ашылып отыр. Бұл – жаңа ізденіс, жаңа бастама. Сондықтан бұл театрға біз де шамамыз келгенше қолдау білдіреміз. Қазір рухани астанамыз Алматыда бірнеше жеке жас театрлар бар. Онда кәдімгі мемлекеттік театрда ойнайтын актерлер де өнер көрсетеді. Жеке театрдың бір ерекшелігі – мұнда тың ізденістерге кең мүмкіндік бар, еркіндік бар. Осы тұрғыдан алғанда, бүгін ашылып жатқан «Таған» театры Қостанай өңіріндегі театр өнеріне жақсы ізденісі мен жақсы жаңалығын қоса береді деп сенеміз, – деді басқарма басшысы.
Отыз жылдан бері осы Қостанай қаласында тұратын қаламгер Әбутәліп Әмір ауылдағы қалың қазақ жаппай қалаға қоныс аудара бастаған 1997 жылы студенттер мен жас оқытушылардың басын қосып, шағын театр ұжымын құрып, алғаш рет «Айман-Шолпан» пьесасын сахналағаны бар. Ұлттық өнерге әбден сусап қалған қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенімен, бұл театр сол кездегі мәдениет басшыларының тарапынан қолдау таппай, бір жылдан соң қайта жабылып қалды.
– Біріншіден, бір қалада өмір сүріп жатқан екі театр әдемі, таза өнер бәсекесін тудырады. Ал бәсеке болған жерде актерлер мен режиссерлердің кәсіби тұрғыдан шыңдалуы, өсуі пайда болады. Екіншіден, тәжірибе алмасу жүреді. Осының арқасында қазақ көрерменінде қай актердің ойынына, қай режиссердің қойылымына барсам екен деген таңдау пайда болады. Бұл театр өнерінің дамуына қызмет ететін жағдайлар, – дейді Ә.Әмір.
Қалай десек те, ұлттық өнерге жанашыр жұрттың ортақ пікірі Қостанайда екінші театрдың өмірге келуі үлкен жетістік, үлкен қуаныш, үлкен ілгерілеу дегенге саяды.
Қостанай облысы
Түркияда тағы екі отандасымыз жоғалып кетті
Оқиға • Бүгін, 13:30
Эстонияның теңіз академиясы Қазақстан студенттерін оқытуға дайын
Білім • Бүгін, 13:15
Бес өңірдегі Президент резиденциялары балалар игілігіне беріледі
Қоғам • Бүгін, 13:07
Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына рұқсат ресімдеу қағидалары өзгерді
Қазақстан • Бүгін, 12:53
Мексика әйгілі құтқарушы иттерін Түркияға көмекке жіберді
Әлем • Бүгін, 12:42
Жер сілкінісі кезінде дүниеге келген сәби құтқарылды
Әлем • Бүгін, 12:30
«АМАNАТ» партиясы ОСК-ға құжаттарын тапсырды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Ақмолада қосалқы электр станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге ұрланды
Қаржы • Бүгін, 12:05
Оқиға • Бүгін, 11:51
Президент Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Президент • Бүгін, 11:44
Қазақстан және араб елдері арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Саясат • Бүгін, 11:33
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы «Ауыл» партиясы атынан сайлауға қатысады
Сайлау • Бүгін, 11:22
Астанада ұлттық пікірсайыс турнирі өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:15
Оралда жанармай талонмен беріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 11:08
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
Сайлау • Бүгін, 10:58
Алматы облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:50
Палестинада 4,8 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:45
Димаш Құдайберген Түркияға қаржылай қолдау көрсетеді
Қоғам • Бүгін, 10:32
Павлодарда түрмеге есірткі кіргізбек болған әйел ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Оқиға • Бүгін, 10:12
Әлем • Бүгін, 10:03
Мейірім Нұрсұлтанов жапон боксшысымен жұдырықтасады
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 09:55
Австралия ұлттық паркіне Boeing ұшағы құлады
Әлем • Бүгін, 09:43
Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 5800-ден асты
Әлем • Бүгін, 09:35
Екібастұзда уақытша жылу өшіріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:27
Өткен тәулікте 91 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:20
8 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
Президент Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды
Президент • Бүгін, 09:07
Сайлау • Бүгін, 08:58
Жаңа медиа және ғалам экономикасы
Қоғам • Бүгін, 08:55
Егіске несие беру жалғасып жатыр
Несие • Бүгін, 08:50
Қазақстан • Бүгін, 08:45
Инвестиция • Бүгін, 08:40
«Қара пима» көрерменге ой салды
Театр • Бүгін, 08:35
Марапат • Бүгін, 08:35
«Grand Slam» жарыстары елімізде өтеді
Спорт • Бүгін, 08:30
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 00:28
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары
Үкімет • Бүгін, 00:26
Ұқсас жаңалықтар