Экономика • 10 Қараша, 2020
Таяқтың екі ұшы немесе тұйықтан шығар жол қайсы?
Қазақстандық кәсіпкерлер несиенің қымбаттығына жиі шағымданады. Ал Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендете алмаудың себебі ретінде өндірістің жоқтығын алға тартып, бизнестің өзін кінәлайды. Бірақ базалық мөлшерлеменің жоғарылығынан несие қымбаттап, соның салдарынан өндірістің аяғы тұсалуда.
Саясат • 10 Қараша, 2020
Бесінші қараша – Әскери барлау күні. Әдетте барлаушылардың қызметі, олардың немен айналысып, қандай нәтижеге қол жеткізгені жариялана бермейді. Өйткені бұл саланың өзі құпияға негізделген. Әйтсе де, бір нәрсе анық. Әскери барлау қызметі – ұдайы қауіпке және тәуекелге байланысты.
Оқиға • 10 Қараша, 2020
Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштердің жаңа оқу жылына негізгі даярлық мәселелері қаралып, сонымен қатар әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінің кейбір бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.
Сұхбат • 10 Қараша, 2020
Қызметтік иттер қылмыстың ізін суытпай ашады
Әскердегі тыныс-тіршілік өзгеше бір әлем секілді. Бұл саланың өзіндік міндеті, атқарар қызметі, алға қойылған нақты мақсаты мен жоспарлары бар. Әскери қызметтегі әрбір жан Отанға деген патриоттық тәрбиені бойға сіңіре отырып, адал қызмет етуді, азаматтық борышты ыждағаттылықпен орындауды бірінші орынға қояды. Осы орайда кинология қызметіне қатысты аз-кем әңгіме өрбіткенді жөн көрдік. Сондықтан Ұлттық ұланның 5572 әскери бөліміндегі кинология қызметіне арнайы тоқталдық.
Тарих • 10 Қараша, 2020
Бұрынғы геологтер ауылы – Дөңге Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Серікбай Тұрлыбаевтың анасы Сәпен апайды іздеп бардық. 1983 жылдың 16 мамырында Ауғанстан – Пәкістан шекарасында ерлікпен қаза тапқан, «Қызыл Жұлдыз» орденді батырдың атына берілген орталық көшедегі үй сыртында тас тақтайшадан әскери формадағы жас жігіт күліп тұр. Батырдың үйіне кіріп, бала-немерелерінің ортасындағы Сәпен апаймен жүздестік.