Оқиға • 10 Қараша, 2020

Тоғыз млрд теңге үнемдеді

144 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс ведомствосында өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштердің жаңа оқу жылына негізгі даярлық мәселелері қаралып, сонымен қатар әскердің күнделікті тыныс-тіршілігінің кейбір бағыттары бойынша тапсырмалар берілді.

Тоғыз млрд теңге үнемдеді

Кеңесте қорғаныс ве­дом­ство­сының қаржы тәртібін сақтауы туралы айтылды. Бө­­лінген бюд­­жет қаражатын 100 пайыз иге­­румен қатар, осы жылдың өт­­кен кезеңінде 9 миллиардтан астам тең­ге үнемделді. Үнем­­деу мем­лекеттік сатып алу­­ды жүргізу кезінде үлкен айқын­­дылық пен ашықтықты қам­тамасыз ету, сонымен қатар заң­­на­маны бұлжытпай орындау мен конкурстық процед­у­ра­лар­­ды жетілдіру есебінен ­қол жет­кізілген болатын. Үнем­деу есебінен алынған қаражат Қару­лы Күштерді дамытудың ба­сым бағыттарына бөлінді.

Қорғаныс министрлігінің әс­­­­ке­ри оқу орындарын тексеру ко­миссияларының қорытын­ды­лары бойынша, Қарулы Күш­тер түрлерінің бас қолбасшыла­ры­на Әскери ғылым және білім де­партаментімен өзара бірлесе отырып білім үдерісін же­тілдіру бойынша шаралар қа­былдау жөнінде нұсқаулар берілді. Бұл бірінші кезекте профессорлық-оқытушы құ­рамды жасақтауға және олар­дың біліктілігін арттыруға, оқу үдерісі кезінде жаңа оқу-жат­тығу тренажерлерін, қару-жарақ пен әскери техни­ка үл­гі­­лерін қолдануға, курсант­тар­дың оқу материалдарын сапа­­лы меңгеруге ынталандыру үшін қосымша шаралар жасауға қа­тысты. Болашақ офицерлерді даяр­лаудағы үлгілі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау – маңызды мәселе.

1

Келесі жылы барлық ка­зар­ма­лық-тұрғын үй қорын тек­­­серу­ді жүргізу туралы мә­селені қа­рау тапсырылды. Қа­рулы Күш­­тердегі нысандар кеңес кезеңінен бері күрделі жөндеуден өтпеген, сондықтан жылдан жылға тозығы жетіп, ескірген. Осы­ған байланысты олардың шы­найы жағдайын қарап, бұдан әрі пайдалану ахуалын бағалау қажеттілігі туындап отыр.

Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ер­мек­баев жалпы Қарулы Күштерде мем­лекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Кеңестер, іс жүргізу жә­не нор­мативтік құқықтық акті­лерді әзір­леу мемлекеттік тіл­де жүргізіледі, ал әскери қызмет­ші­лер арасындағы қа­рым-қатынас, әскери бөлім­шелерді басқару екі тілде жү­зеге асырылады.

Бұл ретте жекелеген лауа­­зым­ды тұлғалардың, оның ішінде басшы­лық­тың мем­лекеттік тілді меңгеруін жақ­сарту керек екеніне баса назар ауда­рылды. Негізінен, олар өз ісінің ше­бер­лері, білімді және жан-жақты мамандар, ­алайда мемлекеттік тілде өз ойларын еркін жеткізе алмайды. Коман­далық құрам, командирлер, бас қолбасшылар үшін, тіп­ті ми­нис­трдің орынбасарларына дейін терең­детілген жүйелі топтық сабақтар мен жеке курстар, мемлекеттік тілді бі­луін тексеруді ұйымдастыру бойын­ша нұсқау берілді. Ол үшін білім алу­шыларға мем­лекеттік тілде сөйлеуді тә­жі­­рибе жүзінде қолдануға ба­­рынша бағыттайтын оқы­ту­шыларды іріктеуге ерекше кө­ңіл бөлінеді.

Әскерилердің кәсіби дең­гейін арт­тыруға қажетті оқу, ғылыми-танымдық және анық­тамалық оқулықтар көбіне­се орыс немесе ағылшын тіл­­де­­рінде шығарылады. Сон­дық­тан Елбасы 2007 жылда белгілегендей, әрбір әске­ри қызметші үш тіл­ді еркін мең­­геруге бағыт алуға тиіс. «Қа­зір­гі таңда маман, коман­дир не­месе офицер үшін бір ғана тіл­ді мең­геру жет­кіліксіз», деп атап өтті министр.