Президент • 27 Қараша, 2024

Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстан көрмелері өтеді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласында көрші елмен Қазақстанның мәдени-гуманитарлық байланыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстан көрмелері өтеді

Фото: iz.ru

Естеріңізге сала кетейік, былтыр елімізде «орыс маусымы» деген атаумен ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған еді. Ал биыл Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтті. Осы ретте, Президент ондағы ең негізгі оқиға ретінде «Абай» операсының Үлкен театрда қойылғанын атап өтті.

«Сондай-ақ Ресейдің басты мұражайлары – Третьяков галереясында және Эрмитажда Қазақстанның көрмесі ашылады. Қазақстан командасы Ресейдің Қазан қаласында өткен «Болашақ ойындарына» қатысты. Ал Астанадағы Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында Ресей спортшылары өнер көрсетті. Бұл – мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты жаңа форматта өрбіту маңызды екенінің белгісі», деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы ретте Мемлекет басшысы осы игі дәстүрді жалғастырып, Ресей бастамасымен қолға алынған «Болашақ ойындарының» кезекті сайысы 2026 жылы Қазақстанда ұйымдастырылатынын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30