Оқиға • 10 Қараша, 2020
Жалғыз жортқан жолаушы қос өңірдегі киелі мекендердің арасын велосипедпен жүріп өтті
Жақында Атыраумен қоңсы қонған Маңғыстаудың Бейнеу ауданында тұратын Раббым Борашев Оғландыдан Ақмешітке дейін жол талғамайтын жүрдек көлікпен емес, қазақы ұғымға шайтанарба атауымен сіңген қос дөңгелекті велосипедпен жүріп өтті. Ойлы-қырлы, төбе-адыры көп дала жолымен жалғыз жортқан жолаушыны да, кең жазиралы қазақ елінің әр қиырындағы, жұмыр жердің әр түкпіріндегі өзге дінді жаһан жұртшылығын да ерекше қызықтырған Оғланды қандай жер? Аптап ыстықта да самал жел есіп тұратын Ақмешіт ше? Қос мекенді бір-бірімен не байланыстырады?
Руханият • 10 Қараша, 2020
Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды
Жасыл желекке оранған жазира қаланың әр бұрышында сан түрлі сала мамандарының қолтаңбасы бар. Жастық жалыны мен жігерін қоғам өмірін жақсартуға арнап жүрген еріктілер еккен көшеттер де бір кездері саялы бауға айналатыны анық.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Аққұмдықтар асардың игілігін көрді
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында халықтың көнеден келе жатқан дәстүрін қайта жаңғырту туралы бастама көтерген болатын. Осыған байланысты облыстың түкпір-түкпірінде құрылыс жұмыстары қарқын алып, асар әдісі қайта жанданды. Аталған жоба аясында Талас ауданы Аққұм ауылында қос бірдей үй пайдалануға берілді.
Сұхбат • 10 Қараша, 2020
Жәнібек Солтанай: «Халық алғысы» үлкен жауапкершілік жүктейді
Биылғы жыл еліміздегі волонтерлер жылы әлем елдерін әбігерге салған пандемия мен денсаулық саласына түскен ауыртпалықпен есте қалды. Осы тұста болашақ дәрігерлерден құрылған волонтерлік топтың маңызы да арта түсті. «Алматы волонтер-медиктері» жастар қозғалысының жетекшісі Жәнібек СОЛТАНАЙ осы туралы әңгімесімен бөліскен еді. Шағын сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Технология • 10 Қараша, 2020
Кибершабуылға қарсы қорғаныс күшейіп келеді
Жаһандық белсенді цифрландырудың әр саладағы тиімділігімен қатар, белгілі бір қатерлері де қатар жүретіні түсінікті. Атап айтқанда, хакерлердің әрекет ету өрісі кеңейіп, кибершабуылдарға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мемлекеттер енді киберқауіпсіздікке бұрынғыдан әлденеше есе сақтықпен қарауы қажет.