Оқиға • 10 Қараша, 2020
Жақында «Фолиант» баспасынан Испания корольдігі академиясының мүшесі, гроссмейстер, саяхатшы, тарихшы, әдебиетші, Кипрде, Ливанда, Ливияда, Мозамбикте, Анголада, Югославияда және басқа елдерде аса шиеленісті оқиғалар жайлы атышулы хабарлар жүргізген танымал журналист, бірнеше испаниялық және халықаралық әдеби, мемлекеттік сыйлықтың иегері Артуро Перес-Ревертенің «Құрсау немесе өлім үстіндегі ойын» («Осада, или шахматы со смертью») атты романы жарыққа шықты.
Руханият • 10 Қараша, 2020
Жақсылардың жанында жүру де бір ғанибет
Жақсымен бірге өткізген жарты сағаттың өзі бір ғанибет қой. Жаның тазарып, ойың сергіп, рухани дүниең байып қалады. Таяуда көкірегі көмбе қарт журналист, тележурналистика саласына қырық жылға жуық еңбек сіңіріп, ұлттық телевизияның қалыптасып, дамуына бүкіл жастық жігері мен қарым-қабілетін сарп ете жұмсаған белгілі журналист Қажы Қорғанұлымен арада болған бір сәттік әңгімеден кейін осындай ой түйдік.
Спорт • 10 Қараша, 2020
Марат Төлегенұлы Жыланбаев – қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш кәсіби марафоншы. Ол 1963 жылы 19 тамызда Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданының Фрунзе атындағы кеңшарында туған (кейбір деректерде Павлодар облысының Майқайың ауылында дүниеге келген делініп жүр). Марат он екі жасынан бастап, жеңіл атлетикамен айналысқан. Қыста шаңғымен ұзақ қашықтыққа жүгіріп, өзін үнемі шынықтырып отырған. Ал жазда қолы қалт етсе велосипедке мініп, кейде күніне жүз шақырымға дейін жол жүретін болған.
Спорт • 10 Қараша, 2020
Қазақ танымында «балуан» ұғымы «Алып адам» дегенге саяды. Себебі далалықтар танымында балуан, яғни алып күш иесі: еңселі де еңгезердей, жойқын қармаулы болуымен ерекшеленген. Бізге белгілі орасан зор күш иелері – Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыздың салмағы аз дегенде 8-9 пұттан жоғары болғаны анық.
Туризм • 10 Қараша, 2020
Маңғыстау тұрғындарын Бозжыра атты көрікті жерден туристер үшін салынатын қонақүй мәселесі мазалауда. Маңғыстаудың маң даласындағы табиғаттың төл туындылары – естігенге аңыз, көргенге таңғажайып. Көкейіңе келіп қалған «Хас шебердің қолынан әдейілеп жасалғандай» деген ойыңды «жо-жоқ, мұндай кереметтерді еш шебер жасай алмайды, мұның авторы – табиғаттың, тылсымның өзі» деген ой лезде кері серпиді.