Қоғам • 09 Қараша, 2020
«Цифрлы Қазақстан»: Адам құқығын жаңа технологиялар қорғайды
Жасалған құқық бұзушылық пен қылмыстың ізін суытпай бетін ашу мәселесі қашан да өзекті. Құқық қорғау органдарының қызметі де көбіне-көп осындай әрекеттер арқылы бағаланып жатады. Заман да, қоғам да тәртіп сақшыларынан ең алдымен осыны талап етеді. Алайда адам баласының барлық оғаш әрекетін қадағалап отыру мүмкін емес. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері қол қусырып отырған жоқ. Мұндайда құқық қорғау органдарына заманауи технологиялардың пайдасы көп тиеді.
Қаржы • 09 Қараша, 2020
ҚҚС қайтару туралы ақпарат жалған
Төленген қосымша құн салығы сомаларын қайтару туралы ақпарат жалған. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай төлемдер туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады.
Қоғам • 09 Қараша, 2020
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 151 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарлама аясында 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 мыңнан аса адам жұмысқа орналастырылды.
Технология • 09 Қараша, 2020
Ата кәсіпті ілгерілететін технология
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қой саууға арналған жылжымалы кешен табысталды. Орталық Азия аймағында алғаш рет Қазақстанда пайдаланылатын технологияны Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі қайтарымсыз негізде беріп отыр.
Экономика • 09 Қараша, 2020
Ортақ биржалық кеңістік құрылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның алқасы аталған одақтың аясында ортақ биржалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жол картасын бекітті.