Экономика • 09 Қараша, 2020
Қостанай облысында онлайн-байланыс режімінде ауылшаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі өтті. Жылдағыдай салтанатты сарайға сахна құрып, салиқалы кеңес құрмағанымен, биылғы іс-шараға барлық аудан басшылары мен диқандардың төрт көзі түгел қатысып, еңбек озаттары марапатталды.
Саясат • 09 Қараша, 2020
Мемлекеттік қызмет көрсету жетілдіріледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті» деп атап көрсеткен еді.
Саясат • 09 Қараша, 2020
Сапалы су – қауіпсіздік кепілі
Сенатта өткен Үкімет сағатында депутаттар Қазақстандағы су қауіпсіздігіне төнген қатерлер мен проблемаларды талқылады. «Қазақстанның су қауіпсіздігі: қазіргі кездегі қауіп-қатерлер және оларды шешу перспективалары» тақырыбында өткен шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ су мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты.
Қоғам • 09 Қараша, 2020
Қауіпті індетпен күрес жалғасуда
Көпшілікті алаңдатып отырған коронавирус індетімен күрес әлі толастаған жоқ. Жамбыл облысында да қайта айналып соғуы мүмкін қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық жұмысы жалғасуда. Мәселен, өңірде ауруханалардағы төсектік орындар, медициналық қызметкерлер, дәрі-дәрмектер, жабдықтар және жеке қорғаныс құралдары сияқты қажеттіліктердің бәрі де дайын екен.
Аймақтар • 09 Қараша, 2020
Бұрында да дәрігер қадірлі мамандықтың бірі еді. Ал жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясымен күресте адам жанына араша болуды таңдаған жандардың қадірі тіптен арта түсті. Арына да, ақ халатына да қылаудай дақ түсірмеген дәрігерлер халықтың денсаулығын сақтау үшін отбасына бармай, қауіпті індетпен күрестің бел ортасында жүрді. Жақында өмір мен өлім үшін арпалысқан науқастарға жан жылуын аямай, жылы сөзімен де, шипалы емімен де дем берген 70 қызметкерге «Халық алғысы» медалі берілді.