Экономика • 06 Қараша, 2022
Мақсат – шетел инвестициясын жүйелі тарту
Қазақстан соңғы бес жылда жыл сайын шамамен 20 млрд доллардан астам шетелдік инвестиция тартқан. Бұл – Ұлттық банк ұсынған ресми дерек. Ендігі міндет – осы көрсеткішті 25 млрд долларға жеткізу. Үкімет 2026 жылға қарай аталған межені бағындыруды жоспарлап отыр. Шетел инвесторларының берекелі елге үйір екенін ескерсек, тұрақты қалпынан танбаған Қазақстан үшін бұл межені бағындыруға мүмкіндік мол.
Пікір • 06 Қараша, 2022
Қоғамдағы қатынастың тірегі де, тұғыры да – заң. Ең бастысы уақыт талабын ескеріп, кейбір заңдар мен ережелердің дер кезінде өзгеріп отырғаны маңызды. Біз еліміздің жаңа даму кезеңіне сенімді серпін беретін тарихи оқиғаға – Мемлекет басшысы бірқатар заңға жария түрде қол қоюына куә болдық.
Пікір • 06 Қараша, 2022
Әділ қоғамның қарапайым қағидасы
Ақордада Мемлекет басшысы конституциялық реформа нәтижесінде әзірленіп, қабылданған алты маңызды заңға қол қойды. Назар аударсақ, бұл ресми рәсімнен алты негізгі түйін жасауға болады.
Саясат • 06 Қараша, 2022
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен кездесті.
Қазақстан • 06 Қараша, 2022
Ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібін ілгерілету ісінде әлемдегі озық технологияларды қолданудың маңызы зор. Осы мәселе Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гиклмен кездесуінде кеңінен талқыланды.