Пікір • 06 Қараша, 2022

Ашықтыққа жол ашады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдағы қатынастың тірегі де, тұғыры да – заң. Ең бастысы уақыт талабын ескеріп, кейбір заңдар мен ережелердің дер кезінде өзгеріп отырғаны маңызды. Біз еліміздің жаңа даму кезеңіне сенімді серпін беретін тарихи оқиғаға – Мемлекет басшысы бірқатар заңға жария түрде қол қоюына куә болдық.

Ашықтыққа жол ашады

Президенттің халыққа уәде еткен баста­маларының барлығы да орнықты орындалып келе жатқаны қоғамның көз алдында. Сондықтан бұл жолғы ресми іс-шара да – Мем­лекет басшысы 2019 жылдан қолға алған саяси реформаларды кезең-кезеңімен іске асырудың кезекті жалғасы.

Халқымызда «әділ туған заң жақсы» деген сөз бар. Бұл ретте, Президентіміз елдің қалауы мен қарапайым азаматтардың талабына үнемі назар аударып, әр шешім қабылдағанда ескеріп жүреді. Жалпы, қол қойылған алты заң да – Президент айтқан әділеттілік, ашықтық және жанашырлық қағидаттарына негізделген мемлекетіміздің демократиялық бағыттағы кезекті кезеңіне жол ашатын құқықтық құжаттар. Ал мұның барлығының баста­уында маусым айында жалпы республикалық деңгейде өткізілген референдум нәтижесі негізін қалаған – халық таңдауы тұрғаны анық.

 

Аида БАЛАЕВА,

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024