Қоғам • 27 Қараша, 2024
Маскүнемдіктен сақтайтын «Мәдени қоғам»
Өңірде жыл басынан бері жүріп жатқан «Мәдени қоғам» жобасы аясында көпшілік орында шала мас күйінде бой көрсеткен 13 мың адам қамауға алынып, 2 мыңға жуық өрескел тәртіп бұзушыға жалпы көлемі 197 млн теңге айыппұл салынды.
Есірткі • 27 Қараша, 2024
Есірткіге қарсы күрес толастамайды
Нашақорлықтың жолын кесуге бағытталған кешенді қадамдар қолға алынғанымен, есірткіге есі кеткендердің саны азаяр емес. Ес-ақылдан ажырататын психотропты заттар талайдың өмірін талқандап жатыр. Жыл басынан бері Алматыда 19 есірткі зертханасы мен екі бірдей қойма жойылып, есірткіні жарнамалаумен айналысқан 100-ге тарта адам жауапқа тартылған.
Құқық • 27 Қараша, 2024
Акция мақсаты – ана мен бала құқын қорғау
Батыс Қазақстан облысында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» акциясы басталды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарланды.
Қоғам • 27 Қараша, 2024
«Жанұя» отбасыларға қолдау көрсетеді
Қоғамдағы әртүрлі ахуал отбасына тікелей әсер етеді. Сондай жағдайда шаңырақты шайқалтпай, сақтап қалу үшін тығырыққа тірелген жандарға жол көрсеткен абзал. Сол себепті Мемлекет басшысы азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуына қолдау көрсету керектігін айтқан еді. Осы мақсатта Кербұлақ ауданының Қоғалы аулында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды.
Тұлға • 27 Қараша, 2024
1975 жылдың жазында аяулы Алматыда сол кезде С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінің қазақ бөлімін 44 түлек бітірдік. Студенттік жылдарда тосырқамай танысып, ұғынысып кеткен аяулы достарым, олардың қилы тағдырлары туралы бұрын да жазғанмын. Бүгінгі әңгіме студент жылдардан азаматтық болмысы бөлек, жаны жайсаң Заманбек Зиадабекұлы Әбдешев туралы.