Футбол • 24 Қараша, 2017
«Вильярреал» мен «Вильярреалға» дейін...
"Астана" командасы "Астана Аренада" 18-ші ойынында жеңіліссіз өткен сериясын аяқтады. "Вильярреал" мен "Вильярреалдың" ортасындағы ойындарда "Астананың" деңгейінің өскенін анық байқаймыз.
Кино • 23 Қараша, 2017
Апта фильмі: «Коконың құпиясы»
Компьютерлік анимация жанрында жұмыс істеп келе жатқан Pixar студиясының кез-келген фильмі көпшіліктің ықыласына бөленіп қана қоймай, әр жылдары Оскар сыйлығының жүлдегері болуымен дараланып келеді. Компанияның бұл жолғы кезекті туындысы «Коконың құпиясы» анимациялық фильмінде мексикалықтардың ежелден келе жатқан «өлгендер күні» атты дәстүрлі мерекесі кезіндегі шытырман оқиға туралы баяндалады.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
«Әлеуметтік экспресс» мобильді қызметі Маңғыстауда
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық еңбек басқармасы, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және денсаулық сақтау басқармасының мамандары «Әлеуметтік экспресс» мобильді қызметі» жобасы аясында Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандары мен Жаңаөзен қаласына қарасты елді мекен тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
Жамбыл облысында үшжақты меморандумдарға қол қойылды
Бүгін «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Сарысу және Байзақ аудандарының әкімдері, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері және демеушілер арасында үшжақты меморандумға, сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бойынша жалпы құны 500 миллион теңге болатын сегіз меморандумға да қол қойылды.
Аймақтар • 23 Қараша, 2017
Ақтау сотында алаяқ әйелдер мен алымқор басшыға үкім шықты
Ақтау қалалық сотында 72 эпизод бойынша екі әйел азаматшаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.